Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Обращение №3402

Вопрос: Саламатсыздарма,,,отініш,,маған жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасымен жастар практикасы туралы комек етіңіз... біз жастар практикасына жас маманда ауылдық мекемеге жібереміз ,ал ауылдық мекеме ол адамды қабылдаған жөнінде бұйрық шығарып беру керек .неше күнде шығару керек,,және бізге ол бұйрықтың көшірмесін неше күнде тапсыру керек?егер бірнеше күнде тапсырмаса біз тізімнен алып тастауға құқығымыз барма? қай заңда қандай тармақта көрсетіп берулеріңізге ықпал жасауларыңызды сұраймын

Жаксыбаев Талгат Ульжабаевич
07.02.2014

Ответ:

Жауап:

Жастар практикасына жіберуді ұйымдастыру Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында ұйымдастырылады. Жастар практикасында уақытша жұмыспен қамтылу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы19 маусымдағы № 836 қаулысында айқындалған.

Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелердің 2 қосымшасына сәйкес жұмыс беруші:

азаматтармен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасуға;

облыстың жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті органдарына (халықты жұмыспен қамту орталықатрына) жастар практикасына қатысушыларымен жасасқан еңбек шарттардың көшірмелерін ұсынуға;

облыстың жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті органдарына (халықты жұмыспен қамту орталықатрына) есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын белгіленген нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 33 бабына сәйкес жұмыс беруші еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылдауды актімен (бұйрықпен) ресімдейді. Жұмыс беруші үш күн ішінде жұмысшысыны осы актімен танысытуры тиіс.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілердің тізімі:

1)Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

2)"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы;

3)«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы.

Сіз берілген жауаппен келіспеген жағдайда “Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы” ҚР Заңының 10-бабының 1 тармағына сәйкес қабылданған шешімге (қарау нәтижесі) жоғары тұрған органда немесе сот тәрібінде шағымдану құқығыңыз бар екендігін қосымша хабарлап отырмыз.

11.02.2014 ж

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Подать резюме

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защитыНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бағдарлама
Яндекс.Метрика