Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Обращение №7659

Вопрос: Армысыз, Асқар Жоламанұлы! Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс күші мол аймақтардан азаматтарды көшіру жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатқанынан құлағдармыз. Ағымдағы жылы облысқа оңтүстік аймақтардан жүзден астам отбасын көшірмек ниетте екенсіздер. Осы орайда сұрайын дегенім, аталмыш бағдарлама бойынша Шығыс өңірінен барып, сіздерде қызмет жасау мүмкін болар ма екен. Бағдарлама аясында қандай көмектер көрсетіледі. Рахмет!

Мырзаханов Асан Саматұлы
16.02.2016

Ответ:

Құрметті Асан Саматұлы!

Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Сіздің өтінішіңізге келесіні хабарлайды.

Облыста жұмыс күші мол аймақтардан азаматтарды көшіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы облысқа жұмыс күші мол өңірлерден 101 отбасын көшіру жоспарланып отыр.

Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары республиканың жұмыс күші мол өңірлері болып анықталынды.

Жоғарыдағы баяндалғандардың негізінде Шығыс Қазақстан облысы жұмыс күші мол өңірлерге жатпайтын болғандықтан Сіздің өңіріңізден жұмыс күші мол өңірлерден көшіру жөніндегі іс-шаралар аясында көшіру мүмкін болмай отыр.

Сонымен қатар, егер Сіз өздігіңізбен біздің облысқа көшетін болсаңыз, көшіру жөніндегі ақпаратты Басқарманың сайтында ukzsp.sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы алуға болады.

Қосымша, «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес, аталған жауаппен (қарау нәтижесімен) келіспеген жағдайда, Сіз қабылданған шешімді жоғары органға немесе сот тәртібінде шағымдауға құқыңыз барын хабарлаймыз.


Солтүстік Қазақстан облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы




НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Подать резюме

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защитыНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бағдарлама
Яндекс.Метрика