Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Обращение №7733

Вопрос:

Мамлют ауданының Дубровное селосында мал дәрігері мамандығы бойынша бос орын бар. Агроном мамандығы бойынша Аққайың ауданының Аралағаш және Қиялы селосында, Ғабит Мүсірепов ауданының Дружба селосында және Уалиханов ауданының Кішкенекөл селосында бос орындар бар дедініз егерде мемлекеттік тарапынан бос жұмыс орын болса істеуге дайынмын. 1айлық жалақы көлемі қанша және де отбасыммен барсам деп едім. Бағдарлама бойынша тұрғылықты үймен қамтамасыз етсеніз. Анам-Исмагулова Шолпан Дарибаевна "Дарын" әлеуметтік-гуманитарлық институт. 2007жылы Тарих және география мұғалімі Бакалавр. Пед стажы 10жыл. Жалпы стажы 28жыл. Келіншегім-Тилабаева Гулсана Бахадурувна 13кәсіптік мемлекеттік мектеп 2007񮖪жылы Электрондық есептеу және есептеу машинасының операторы. 2010жылы 2020халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 6-ай мектепте істеді. 2011жылдан бері бүгінгі күнге дейін балабақшада бала күтуші болып істеуде. Хабарын беруінізді өтінемін...

Исмагулов Ержан Джамалович
13.03.2016

Ответ:

ҚұрметтіЕржан Джамалович!

Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Сіздің өтінішіңізге келесіні хабарлайды.

Облыста жұмыс күші мол аймақтардан азаматтарды көшіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы» №82 қаулысына сәйкес облысқа жұмыс күші мол өңірлерден 101 отбасын көшіру жоспарланып отыр.

Көшу және жұмысқа орналасу жөніндегі мәселеге қатысты Басқарма келесіні хабарлайды. Уәлиханов ауданының мемлекеттік мекемелерінде ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша бос орын бар, Ақжар ауданында география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бос орын бар.

Осыған орай, қоныстандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Сіздің сауалнамаңыз Ақжар және Уәлиханов аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жіберілді.

Көшуді және жұмысқа орналасуды ұйымдастыру мәселесі бойынша Сізге Ақжар (тел. 8 (715 46) 2-14-49), Уәлиханов (тел. 8 (715 42) 2-19-43) аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдердің телефондары бойынша жүгіну қажет.

Сонымен қатар, бос орындар бойынша қосымша ақпаратты Басқарманың сайтында ukzsp.sko.gov.kz. электрондық пошта немесе 8 (715 2) 36-19-32 телефон арқылы алуға болады.

Сіз берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданған шешімге (қарау нәтижесі) жоғары тұрған органда немесе сот тәртібінде шағымдану құқығыңыз бар екендігін қосымша хабарлап отырмыз.


Солтүстік Қазақстан облысының

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Подать резюме

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защитыНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бағдарлама
Яндекс.Метрика