Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Обращение №7856

Вопрос: 2020 жум камту коныс аудару багдарламасы бойынша келисим шартка калаи кол жеткизуге болады. Толык малимет алгым келеди. Калаи отиниш тастауга болады..???

Бакирова Жанерке Ауелбеккызы
19.04.2016

Ответ:

Құрметті Жанерке Әуелбекқызы!

Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының блогына жазған жұмысқа орналасу және қоныс аудару мәселесі жөніндегі өтінішіңізге орай төмендегіні хабарлап отырмыз.

Облыста азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №82 қаулысына сәйкес облысқа 101 отбасын қабылдау жоспарланып отыр.

Қоныс аударушылардың квотасына енгізу қағидаларының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмыспен қамту уәкілетті органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа өңірлерге өз еркімен көшу мүмкіндіктері туралы хабарлайды. Осыған байланысты Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Сонымен қатар, басқарманың сайтында (ukzsp.sko.gov.kz) облыс аудандары туралы Сізге қажетті ақпаратпен, олардың сипаттамасымен, тұрғын үй беру жағдайлары мен және бос жұмыс орындарымен таныса аласыз.

Сонымен бірге, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес Сіз қабылданған шешіммен (қарау нәтижесімен) келіспеген жағдайда жоғары тұрған органға не сот тәртібінде шағымдануға құқығыңыз бар екенін қосымша хабарлап отырмыз.


Солтүстік Қазақстан облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы
2016 ж.21.04


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Подать резюме

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защитыНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бағдарлама
Яндекс.Метрика