Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Обращение №8062

Вопрос: Сәлеметсіздер ма .Сол түсік Қазақстан обылысына жанұямызбен кошип барсақ қандай комек болады үймен қамтамасыз етеді ма жұмыспен қамтамасыз етеді ма ?

Ордабек Алтыншаш Атанбайқызы
17.07.2016

Ответ:

Құрметті Алтыншаш Атанбайқызы!

Сіздің біздің облысқа қоныс аудару жөніндегі өтінішіңізге, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (-әрі қарай Басқармасы) мыналарды хабарлайды.

Облыста республиканың басқа облыстарынан азаматтардың қоныс аударуы және қоныс аударушыларды қабылдау бойынша өңірлік квотаға енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Азаматтарды қоныстандыру, жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі есепке алынуымен, еңбекке орналасуы бойынша мемлекеттік қолдау берумен, көшуіне субсидия төлеумен, сондай-ақ тұрғын үй мәселесіне жәрдем көрсетумен жүзеге асырылады.

Сіздің қоныс аудару мәселесі жөнінде ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңіз керек және отбасы құрамы, мамандығыңыз, жұмыс өтіліңіз, сонымен қатар басқада қосымша ақпараттар беруіңіз қажет. Бұдан басқа, біздің облыстағы бар бос жұмыс орындары бойынша қосымша ақпаратты Сіз, Басқарманың сайтынан электрондық мекенжай бойынша: ukzsp.sko.gov.kz "Қоныс аудару" тарауында немесе 8 (7152) 46-37-43 телефон бойынша ала аласыз.

Біздің облысқа көшуді қалаған болсаңыз Сізге, сіздің біліміңізге, жұмыс өтілі және тәжірибеңізге сәйкес еңбекке орналасу бойынша іс-шаралар, сондай-ақ тұрғын үй беруге жәрдем көрсетілетін болады.

Қосымша, «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес, аталған жауаппен (қарау нәтижесімен) келіспеген жағдайда, Сіз қабылданған шешімді жоғары органға немесе сот тәртібінде шағымдауға құқыңыз барын хабарлаймыз.



Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

2016 ж. 26.07.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Подать резюме

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защитыНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бағдарлама
Яндекс.Метрика