Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Обращение №8393

Вопрос: Мен отбасыммен қоныс аударып барсам маған жұмыс табыладыма және баспанамен қамтамасыз етесіздерме.Мен 25.09.1983ж. Мамасариев Нургали Улыкманович. Мамандығым ағылшын пәні бойынша мұғалім еңбек өтілім 6,5ж. Екінші мамандығым дене шынықтыру пән мұғалімі.Отбасымда келіншегім және бір ұл,екі қызым бар.Баспанам жоқ.

Мамасариев Нургали Улыкманович
30.10.2016

Ответ:

Құрметті Нургали Улыкманович!

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Сіздің «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында көшіру және жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде жазған хатыңызға орай төмендегіні хабарлап отыр.
Облыста басқа облыстардан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Азаматтарды көшіру жұмыс берушінің өтініштері арқылы жүзеге асырылады, көшіп келген азаматтарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі, жұмыс берушінің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, балалар балабақшаларда және мектептерде орындармен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №83 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы қоныстарушыларды қабылдауға арналған өңір болып анықталды, сондай-ақ көшіп келген азаматтарды қабылдауға квота қарастырылған, осы квота облыс аудандарының ауылдық елдімекендеріне бөлінді, Петропавл қаласы бойынша квота қарастырылмаған.
Сіздің мамандығыныз бойынша еңбекке орналасуға қатысты бос орындар мына аудандарда бар:

- Есіл ауданы, Мектеп с., ағылшын тілінің мұғалімі (18 сағ.), оқыту қазақ тілінде. Сатылатын тұрғын үй бар;
- М. Жұмабаев ауданы, Конюхово с., ағылшын тілінің мұғалімі, оқыту орыс тілінде. Сатылатын тұрғын үй бар;
- Уалиханов ауданы, Қаратерек с., ағылшын тілінің мұғалімі (13 сағ.), оқыту қазақ тілінде, Тлеусай с., ағылшын тілінің мұғалімі (12 сағ.), оқыту қазақ тілінде, Қарашілік с., ағылшын тілінің мұғалімі (13 сағ.), оқыту қазақ тілінде. Сатылатын тұрғын үй бар.

Осыларға байланысты, бар бос орындар туралы, сондай-ақ қоныс аудару және жұмысқа орналасу бойынша кеңес алу үшін Сіз мына телефондар бойынша жүгіне аласыз: Есіл ауданның жұмыспен қамту орталығы, тел: 8-715-43-2-25-97; М.Жұмабаев ауданның жұмыспен қамту орталығы, тел: 8-715-31-2-81-54; Уалиханов ауданның жұмыспен қамту орталығы, тел: 8-715-42-2-15-38.
Сауалнаманыз бен түйіндемеңізді pereselenie-ukzsp@sko.kz электрондық мекенжайына немесе 8 (715 2) 46 37 43 телефон арқылы беруге болады.
Бұдан өзге, облыс аудандары туралы ақпарат (аудандардың қысқа сипаттамасы, әкімдіктердің байланыс мәліметтері және т.б.) Басқарманың сайтында, «Көшіру» бөліміндегі ukzsp.sko.gov.kz. электрондық мекенжайында орналастырылған.
Қосымша, «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, аталған жауаппен (қарау нәтижесімен) келіспеген жағдайда, Сіз қабылданған шешімді жоғары органға немесе сот тәртібінде шағымдануға құқығыңыз барын хабарлаймыз.


СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
02.11.2016 ж.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Подать резюме

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защитыНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бағдарлама
Яндекс.Метрика