Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегiнде Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Т.Қ. Дүйсенованың төрағалығымен Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы саласындағы үйлестiру кеңесiнiң отырысы өттi

11.09.2017

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегiнде Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Т.Қ. Дүйсенованың төрағалығымен Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы саласындағы үйлестiру кеңесiнiң отырысы өттi

Үйлестiру кеңесiнiң жұмысына орталық мемлекеттiк органдардың, облыс әкiмдерiнiң орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi басқарма басшылары, үкiметтiк емес ұйымдар өкiлдерi қатысты. Отырыста, инклюзивтi бiлiм берудi дамыту, мүгедек азаматтарға еңбек жағдайын жасау және мүмкiндiгi шектеулi жандарды кәсiпкерлiк қызметке тарту мәселелерi бойынша бiрқатар маңызды жайттар қарастырылды.

Сонымен қатар, Әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн әрi қарай дамытудың тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

Селекторлық жиында «Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-тәжiрибелiк орталығы» мемлекеттiк мекемесiнiң директоры Ғалия Абаева, Еңбекминi Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментiнiң директоры Балтабай Қаппасов және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов баяндама жасады.

Қазақстан Үкiметi жанындағы ақылдасу алқасы болып саналатын Үйлестiру кеңесiнiң жұмысында негiзiнен мүгедектердi әлеуметтiк қорғауда тиiмдi ұсыныс-кеңестер түзiп шығу көзделген.

Осымен бiрге, Үйлестiру кеңес арқылы мүгедектерге қолайлы өмiр сүру ортасын қалыптастыру, мүмкiндiгi шектеулi адамдардың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету мәселесi жөнiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өзара байланысы қамтамасыз етiледi.

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегiнде Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Т.Қ. Дүйсенованың төрағалығымен Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы саласындағы үйлестiру кеңесiнiң отырысы өттi

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защиты
Яндекс.Метрика