Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басқарма туралы жалпы ақпарат

Басқарма туралы жалпы ақпарат

  1. «Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» (одан әрi мәтiн бойынша — Басқарма) коммуналдық мемлекеттiк мекемесi облыс бюджетiнен қаржыландырылатын және жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында әлеуметтiк-еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтiк бағдарламалар саласындағы функцияларды жүзеге асыруға облыс әкiмдiгiмен өкiлдiк берiлген атқарушы орган болып табылады.
  2. Басқарма өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, орталық және жергiлiктi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ережеге толықтырулар мен өзгерiстер заңнамаға сәйкес енгiзiледi.
  3. Басқарманың құрылтайшысы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi болып табылады.
  4. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы бар мөрi және мөртабандары белгiленген үлгiдегi бланктерi, сондай-ақ белгiленген тәртiпте қазынашылық органдарында ашылған шоттары болады. Басқарманың филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.
  5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынаста болады, заңнамаға сәйкес оған ол өкiлеттiк берiлген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болу құқығы бар.
  6. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша белгiленген тәртiпте облыс аумағында күшi бар, бұйрықтар түрiндегi актiлер шығарады.
  7. Басқараманың штат санының лимитi облыс әкiмдiгiмен бекiтiледi.
  8. Басқарманың толық атауы:
    мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
    орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение «Управление координации занятости и социальных программ акимата Северо-Казахстанской области».
  9. Басқарманың заңды мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64 үй, индексi 150008.
  10. Басқармаға оның функциялары болып табылатын мiндеттерiн орындау мазмұнында кәсiпкерлермен шарттық қатынастарда болуға тыйым салынады.
  11. Басқарма заңнама актiлерiмен рұқсат берiлген, табыс беретiн қызметтi атқарған кезде олар облыс бюджетiне жiберiледi.
  12. Басқарманың құрылтайшы құжаты «Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже болып табылады.

03.04.2017 10:00

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защиты
Яндекс.Метрика