Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басшылық

Басшылық

Сергей Иванович ЯковенкоСергей Иванович Яковенко

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы

1956 жылы 18 шiлдеде Украин Республикасы, Полтав облысы, Хорольский ауданы, Бутовцы селосында туған.

1977 жылы В.Г. Короленко атындағы Полтав мемлекеттiк педагогикалық институтын, 2008 жылы Қазақстан-Ресей университетiн бiтiрдi.

Тарих және қоғамтану пәнiнiң мұғалiмi, құқықтану бакалавры мамандығына ие.

Еңбек жолын Солтүстiк Қазақстан облысы, Соколов ауданының Б. Малышка селосы орта мектебiнiң тарих пәнi мұғалiмi мамандығынан бастады.

1979 жылдан 1988 жылдар аралығында — облыстың комсомол және партия органдарында жұмыс iстедi.

1988 жылдың тамызынан 1989 жылдың маусымы аралығында — облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры.

1989 жылдың маусымынан 1991 жылдың сәуiрi аралығында — Қазақстан КП Мәскеу аудандық комитетiнiң нұсқаушысы, идеология бөлiмiнiң меңгерушiсi, хатшысы; Мәскеу аудандық халық депутаттары кеңесiнiң коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi инспекторы.

1992 жылдың сәуiрiнен 1995 жылдың желтоқсаны аралығында — Мәскеу ААӨБ-ның «Комплектация» шағын шаруашылықаралық кәсiпорынның директоры.

1996 жылдың мамырынан 1999 жылдың желтоқсаны аралығында — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының әлеуметтiк-мәдени саласының бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң меңгерушiсi, бөлiм меңгерушiсi.

1999 жылдың желтоқсанынан бастап 2017 жылдың наурызы — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары.

2017 жылдың 3-шi сәуiрiнен бастап — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы

Мемлекеттiк наградалары: Медаль «10 жыл Астана», 2008 ж., медаль «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл», 2011 ж., «Үздiк мемлекеттiк қызметшi» төс белгiсi, 2013 ж., «Әлеуметтiк-еңбек саласының үздiгi» төс белгiсi, 2014 ж.

Алмаз Темiрболатұлы ҚошмановАлмаз Темiрболатұлы Қошманов

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары

Алмаз Темiрболатұлы Қошманов 1982 жылғы 18 мамырда Қарағанды облысы Ағадiр ауданының Мойынты станциясында дүниеге келген.

2004 жылы экономика бiлiктiлiгiн алып, М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн тамамдаған.

Мемлекеттiк қызметте тәжiрибесi мол. 2005 жылғы мамырдан бастап Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппаратында және Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық бөлiмiнде бас маман болып жұмыс iстедi.

2007 жылғы қазаннан 2012 жылғы мамырға дейiн Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық бөлiмiнiң талдау, субсидиялау және қаржы бөлiмiн, Қызылжар аудандық кәсiпкерлiк бөлiмiн және Қызылжар аудандық қаржы бөлiмiн басқарды.

2012 жылғы қазаннан 2013 жылғы қарашаға дейiн Қызылжар аудандық экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң басшысы және басшының орынбасары болып қызмет атқарды.

2013 жылғы 13 қарашадан Солтүстiк Қазақстан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысы орынбасарының уақытша мiндетiн атқарушы болып тағайындалды.

2014 жылғы 15 қаңтардан бастап Алмаз Темiрболатұлы Қошманов — басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Елжасов Ринат СергейұлыЕлжасов Ринат Сергейұлы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары

Елжасов Ринат Сергейұлы 1980 жылы 7 қыркүйек күнi Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданының Ильинка селосында туған.

1999 жылдан 2002 жылдар аралығында Көкшетау университетiнде «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бiлiм алды.

2003 жылғы ақпан айында «Солтүстiк Қазақстан облысы статистика басқармасы» ММ жетекшi маманы лауазымына мемлекеттiк қызметке түстi.

2003 жылғы тамыздан 2005 жылғы қараша айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ еңбек және әлеуметтiк әрiптестiк бөлiмiнiң бас маманы, бастығы лауазымдарында еңбек еттi.

2005 жылғы желтоқсанда «Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысы бөлiмiнiң бас маманы лауазымына ауысу тәртiбiнде тағайындалды.

2006 жылғы мамырдан 2008 жылғы наурыз айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының iшкi саясат бөлiмi» ММ басқарды.

2008 жылғы сәуiрден 2011 жылғы маусым айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысының құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы лауазымында жұмыс iстедi.

2011 жылғы шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымына қабылданды.

2012 жылғы ақпаннан бастап 2012 жылғы мамыр айы аралығында «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ қаржылық-шаруашылық бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс iстедi.

2012 жылғы маусымда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» ММ облыс әкiмiнiң бас инспекторы болып ауыстырылды.

2013 жылғы қаңтардан 2014 наурыз айы аралығында — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң меңгерушiсi.

2014 жылғы 1 сәуiрден бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Гүлмира Серiкқызы Мәулетбаева

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

Гүлмира Серiкқызы Мәулетбаева, 1977 жылдың 17 сәуiрiнде Солтүстiк Қазақстан облысының Ленин ауданы Николаевка селосында туған.

2000 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей ашық бiлiм университетiн бiтiрдi.

Мемлекеттiк қызметiн 1998 жылдың сәуiрiнен Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының ауылшаруашылық бөлiмiнде жетекшi маман лауазымынан бастады.

2002 жылдың қаңтарынан 2004 жылдың сәуiрi — Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прокуратурасының маманы.

2004 жылдың сәуiрiнен 2005 жылдың наурызы Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша қаржылық-кадр бөлiмiнiң жетекшi маманы, Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ақпараттық қамтамасыз ету — секретарь-референтi.

2005 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамыры — Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Әкiмi аппаратының бас маманы лауазымында жұмыс iстедi.

2012 жылдың тамызынан 2017 жылдың сәуiрi — Солтүстiк Қазақстан облысы Әкiмi аппаратының әлеуметтiк даму бөлiмiнiң меңгерушiсi.

2017 жылдың 3-шi мамырынан бастап Гүлмира Серiкқызы Мәулетбаева, басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мұрағат ЖКС

11.05.2017 12:31

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защиты
Яндекс.Метрика