Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Халықпен жұмыс істеу || Құқық түсіндіру жұмысы

Құқық түсіндіру жұмысы

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесi бойынша

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылы 14 маусымдғы № 516 бұйрығымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылғы 15 шiлдеде № 13938 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2016 жылғы 28 шiлдеде жарияланған) регламенттеледi.

Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушiлердiң тапсырыстары бойынша ұйымдастырады.

Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзiмдi құрайды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшiн жұмыс орындарын құрғысы келетiн жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту орталығына ағымдағы қаржы жылына өтiнiмдер бередi.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржыландыру шегiне байланысты жыл сайын 1 қарашаға дейiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушiлерден алдағы қаржы жылына өтiнiмдер жинауды жүзеге асырады, оларды бiрыңғай тiзбеге жинақтайды және бекiту үшiн жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне жiбередi.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жыл iшiнде қажеттiлiкке қарай жұмыс берушiлерден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтiнiмдер қабылдайды.

Қағидаларға сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшерi экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдердi есепке алмағанда, салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерiнен төмен емес мөлшерде белгiленедi.

2017 жылы жалақының ең аз мөлшерi 24 459 теңге мөлшерiнде белгiлендi.

24.04.2017 12:51

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защиты
Яндекс.Метрика