Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қорытындылары туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қорытындылары туралы ақпарат

Халықты әлеуметтік қорғау
мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының
әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы
2018 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша
ақпарат

Халықты жұмыспен қамту

Облыста халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.

2018 жылғы 1 қантарға қарасты жағдай бойынша 30714 адам жұмысқа орналастырылды 13492 жаңа жұмыс орны құрылды.

3878 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жiберiлдi.

Халықтың экономикалық белсендi тұрғыдан тiркелген жұмыссыздар үлесi 0,6%-ды құрады.

Әлеуметтiк әрiптестiк

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына және әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi Бас келiсiмге сәйкес облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын ескере отырып, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi, облыстық кәсiподақтар кеңесi және жұмыс берушiлер мен кәсiпкерлер бiрлестiгi арасында 2015-2017 жылдарға арналған облыстық келiсiм жасалды.

Келiсiмде үш жылға әлеуметтiк әрiптестiктi дамытудағы негiзгi басымдылықтар және облыстың экономикалық және әлеуметтiк дамуының кешендi бағдарламаларын iске асыруға жәрдемдесу және қызметкерлердi әлеуметтiк-еңбек саласында қорғау және әлеуметтiк әрiптестiктi одан әрi дамыту жөнiндегi бағыттар айқындалған.

Тараптарының мүдделерiн барынша есепке алуды, еңбек қатынастарын қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау мәселесi жайлы меморандумдар жасасу жұмысы жүргiзiлуде

2018 жылғы 1 қантарға облыстың 1959 кәсiпорны мен ұйымында меморандумдар қолданыста.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру

2017 жылға Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының iс-шараларын iске асыруға (одан әрi — Бағдарлама) 4,5 млрд. теңге, соның iшiнде республикалық бюджеттен 2,8 млрд. теңге, 1,7 млрд. теңге жалпы сипаттағы трансферттер бөлiндi.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiби мамандықтар бойынша 3 мамандық (фермер шаруашылығы, тамақтануды ұйымдастыру, дәнекерлеу iсi) бойынша 426 қатысушы оқуға жiберiлдi, оқу 7 ауылдық колледжде еңбек нарығында кәсiбi және машығы талап етiлуi бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзiмдi кәсiби оқыту бойынша жүргiзiледi, 2017 жылы 2354 қатысушы жiберiлдi, оның iшiнде 2115 адам оқуды аяқтады, 33 адам оқуды мерзiмiнен бұрын бiтiрдi, 206 адам оқуды жалғастыруда.

2017 жылы Бағдарламаның «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» деген екiншi бағыты бойынша 2018 жылғы 1 қантарына 1,839 млрд.теңге сомасында 394 кредит берiлдi. Қайтарылған қаражат есебiнен 129,3 млн. теңге сомасында 43 кредит берiлдi.

Бұдан өзге, Бағдарлама iс-шараларымен қарыздарын субсидиялау және кепiлдендiру қарастырылған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 937 қатысушы оқудан өттi.

Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдiгi және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» атты үшiншi бағыты аясында ағымдағы жылғы 1 қантарына 369 қатысушы әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасты (жоспар — 230 болған кезде), 470 қатысушы жастар практикасына жiберiлдi (жоспар-329 қатысушы).

Деректер қорында болған бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 13482 адам еңбекке орналасты.

Құрылыс бойынша жобаларда 63 пәтерге 3 көп пәтерлi үй салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiлуде. (Жамбыл — 2/36, Есiл — 1/27). Ғ.Мүсiрепово атындағы ауданда 50 пәтерлi үйдiң құрылысы аяқталды.

Жыл басынан берi көшiру жөнiндегi жүргiзiлген iс-шаралар аясында облысқа құрамында 802 адаммен 181 отбасы қоныс аударды.

Бағдарламаның үшiншi бағыты аясында а.ж. 1 қантарына 43 жобада жөндеу жұмыстары аяқталды, 318 жұмыс орны, соның iшiнде Бағдарламаға қатысушылар үшiн 183 жұмыс орны құрылды.

Коныс аударушылар бойынша

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облысқа 801 адам бар 181 отбасы көшiп келдi, соның iшiнде (Айыртау — 9 отбасы (40 адам), Ақжар — 11 (53 адам.), Аққайың — 13 (54 адам), Есiл — 10 (35 адам), Жамбыл — 9 (37 адам), М. Жұмабаев  — 35 (172 адам), Қызылжар — 16 (70 адам), Мамлют — 22 (70 адам), Ғ. Мүсiрепов — 10 (43 адам), Тайынша — 12 (47 адам), Тимирязев — 4 (18 адам), Уәлиханов — 6 (28 адам), Шал ақын ауданы — 20 отбасы (98 адам) және Петропавл қ. — 4 (15 адам)

Осы отбасылар келесi областардан көшiп келдi: Оңтүстiк Қазақстан облысынан — 81 отбасы, Жамбыл — 41, Алматы облысы — 38 және Қызылорда — 18 және Маңғыстау облысынан — 3.

Келген 801 адамның арасынан 345 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, 409 бала, 31 студент және 17 зейнеткер көшiп келдi.

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңiрлiк квотасына 793 адам (176 отбасы) енгiзiлдi, оларға жалпы сомасы 63,0 млн.теңге мөлшерiнде көшуге арналған субсидия төлеу түрiнде мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi. Бұдан өзге, тұрғын үйдi сатып алуға көзделген қаражат есебiнен 145 отбасы өз меншiгiне үй сатып алды, 20 отбасына тұрғын үйдi жалға алудың шығындарын өтеуге субсидия төлендi, барлығы 83,2 млн. теңге бөлiнiп игерiлдi.

Оралмандар бойынша

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы саны 165 адаммен 99 этникалық қазақ отбасы келiп, оралман мәртебесiн алды, соның iшiнде Қытай Халық Республикасынан — 61 отбасы (100 адам), Өзбекстан Республикасынан 16 отбасы (31 адам), Ресей Федерациясынан 17 отбасы (24 адам), Монғолиядан 4 отбасы (9 адам), Ауғаныстан Ислам Республикасынан — 1 отбасы (1 адам) келдi.

Қоныс аударған оралмандардың қатарында 45 бала, 5 зейнеткер және еңбек жасында 115 адам бар, соның iшiнде 8 адамда жоғары бiлiм, 11 — орта арнаулы бiлiм, 92 — орта бiлiм бар, 4 — бiлiмi жоқ.

Оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына 19 отбасы (62 адам) енгiзiлiп, оларға жалпы сомасы 4,9 млн. теңгенi құрайтын көшуге арналған субсидия төлендi. Бұдан басқа, тұрғын үйдi сатып алуға көзделген қаражат есебiнен 16 отбасы өз меншiгiне үй сатып алды, 2 отбасына тұрғын үйдi жалға алудың шығындарын өтеуге субсидия берiлдi, аталған мақсатқа 8,1 млн.теңге төлендi.

Кедейлiк деңгейiн төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға аз қамтамасыз етiлген азаматтар саны 6,6 мың адамды құрады.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 2018 жылғы 1 қаңтарға 1501 азаматқа жалпы мөлшерi 46,7 млн. теңгенiң жәрдемақысы тағайындалды. Облыс бойынша 1 атаулы әлеуметтiк көмек алушы жәрдемақысының орташа мөлшерi орта есеппен 2595,9 теңгенi құрады.

2018 жылғы 1 қаңтарға 18 жасқа дейiнгi балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар тұтастай алғанда облыс бойынша 4,4 мың балаға (1,7 мың отбасы) жалпы мөлшерi 70,5 млн. теңгенiң мемлекеттiк жәрдемақысы тағайындалды.

Үйде бiлiм алатын 346 отбасыдан 345 мүгедек балаға 15,9 млн. теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек тағайындалды.

Облыстың 1540 аз қамтамасыз етiлген отбасына тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық төлемдердi төлеу жөнiндегi шығындарды өтеуге жалпы мөлшерi 37,6 млн. теңгенiң тұрғын үй көмегi тағайындалды. Айына берiлетiн көмектiң орташа мөлшерi 2032,7 теңгенi құрады.

Халықтың әлеуметтiк жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтiк қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесiнiң мемлекеттiк құрылымына 1,6 мыңнан астам азамат тұратын және бүгiндерi жұмыс iстеп жатқан қарттар мен мүгедектерге арналған 8 үй-интернаты және мүгедектердi сауықтыру орталығы жатады.

2012 жылдан бастап Петропавл әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы iшiнде 10 орындық жасы 18-ден асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндiзгi болу бөлiмшесi қызмет етедi. Балалар әлуеметтiк қызмет көрсету орталығы iшiнде 45 орынға мүгедек балалар үшiн күндiзгi болу бөлiмшесi қызмет етедi.

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк қызметтер қамқорлықтағылардың жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып стандартта қарастырылыған көлем және түрлерi бойынша ұсынылады.

2018 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша облыс аумағында 36 үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi жұмыс iстейдi, олар 3 мыңнан астам қарт азаматтар мен мүгедектерге, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаларға қызмет көрсетедi.

Қолданыстағы заңнамаларға сай, облыс мүгедектерi жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездiк-ортопедиялық құралдарымен, сурдо-тифлотехникалық құралдарымен, арнайы жүрiп-тұру құралдарымен, мiндеттi гигиеналық құралдармен, санаторлық-курорттық емделумен, жеке көмекшiнiң қызметтерiмен, ымдау тiлi маманының қызметтерiмен қамтамасыз етiледi.

Ағымдағы жылда Ақмола облысы «Алмаз» санаториясында санаторлық-курорттық емделуге 559 мүгедек жолдамамен, 911 адам протездiк-ортопедиялық көмекпен, 343 адам арнайы жүрiп-тұру құралдарымен, 345 адам сурдо-, тифло-техникалық оңалту құралдарымен, 4 мүгедек бала кохлеарлық имплантасына сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызметпен қамтамасыз етiлдi.

Ағымдағы жыл басынан 2034 мүгедек мiндеттi гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етiлдi, 544 мүгедек әлеуметтiк қызметтерiмен қамтылды, соның iшiнде жүрiп-тұруы қиын 1-топтағы 359 мүгедекке жеке көмекшiнiң қызметi және естуi бойынша 172 мүгедекке ымдау тiлi маманының қызметi көрсетiлдi.

12.01.2018 17:39

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защитыНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған Бағдарлама
Яндекс.Метрика