Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Халықпен жұмыс істеу || «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының табысты жобалары

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының табысты жобалары

Үлгiлi мысал Қызылжар ауданында монша-кiр жуу кәсiпорнын лайықты дамыту

Никишин Анатолий Петрович Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында тұрады.

Анатолий Петрович 2017 жылғы шiлде айында ЖК «Никишин А.П.» ашып, монша-кiр жуу кәсiпорнын ұйымдастыру туралы шешiм қабылдады.

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының» екiншi бағыты аясында алғаш рет микрокредит алып, өз iсiн ұйымдастырды. Алынған қаражатқа үй меретiн қайта жаңартып, монша-кiр жуу жабдықтарын сатып алды. Никишин А. П микрокредиттi мерзiмiнен бұрын өтедi. 2017 жылы Халықты жұмыспен қамту орталығына қайта жүгiнiп, кәсiбiн кеңейтуге 8 млн. 750 мың теңге сомасында микрокредит алды.

2012-2017 жылдар аралығында мына: үтiктегiш айдын, КП-223 маркалы центрефуга, кiр жуғыш машиналар, киiм-кешекке арналған машина, ДГ-25/3 дизель генераторы, Honda электростанциясы, УАЗ автомобилi және де баска құрал-жабдықтар сатып алынып, iске қосылды.

ЖК «Никишин А.П.» «Қарттар мен мүгедектерге арналған Смирнов жалпы үлгiдегi интернат-үйi» КММ-нiң кiр жуатын орнын жөндеуге көмек көрсетедi, Петропавл қаласындағы «Бала үйi» КММ-ге кiлемдер мен перделердi тегiн жуады. Жыл сайын Қарттар күнiне және Жеңiс күнiне орай қайырымдылық сыйлықтар берудi ұйымдастырады.

Үлгiлi мысал Қызылжар ауданында монша-кiр жуу кәсiпорнын лайықты дамыту

Үшiншi бағыт
Виталий Анатольевич Кадомский, Мағжан Жұмабаев ауданы

Виталий Анатольевич Кадомский — 1983 жылы 16.10. туған, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қ. тұрады.

Мектептi бiтiргеннен кейiн авто-мектепте оқыды, жүргiзушi куәлiгiн алды. Әртүрлi мекемелерде жұмыс iстедi, тұрақты жұмысы болған жоқ.2014 жылы Астанаға табыс табуға барды, электршiге оқып алды және электромонтаждаушы ретiнде «Әдем» ЖШС-не жұмысқа қабылданды, бiр жыл жұмыс iстеп, жұмыстан шықты. Ауданға келiп «Булаев элеваторы» 3 разряд темiр шеберi ретiнде жұмысқа орналасты.

2015 жылдың аяғында «Халықты жұмыспен қамту орталығына» оқу мәселесi жөнiнде жүгiндi. 2016 жылы жұмыс берушiнiң сұранымы бойынша «электромонтаждаушы» маманы бойынша бiлiктiлiгiн арттырудан өтуге ұсынды. 2016 жылғы сәуiрде Виталий Анатольевич бiлiктiлiгiн арттыруға жолданды. Оқуды аяқталғаннан кейiн 4 мектепке электршi ретiнде жұмысқа орнастырылды.

Виталий Анатольевич жеке әңгiмесiнде бiлiктiлiгiн арттырып және жұмысқа орналасқаны үшiн, Жұмыспен қамту-2020 жол картасы Бағдарламасына ризашылығын бiлдiредi.

Қызылжар ауданы, жергiлiктi қызметтер

Никишин Анатолий Петрович 1960 жылы 5.04.Сергеевка ауданы Городецкое селосында туған. 2012 жылдан бастап Қызылжар ауданы Петерфельд селосында тұрып жатыр.

Жары — Полина Филиповна, Киев қаласының тумасы, қазiр судың химиялық құрамын зерттеу лабораториясында жұмыс iстейдi. Отбасы екi баланы тәрбиелеп жетiлдiрген. Ұлдары темiр жол саласында қызмет атқарады.

Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiн ол 2007 жылы шiлде айында Петропавл қаласында кiр жуу және сауықтыру қызметiн ұсынудан бастады. Бизнес үшiн Деповск моншасының ғимаратын жалдады.

2012 жылы Анатолий Петрович өзiнiң iсiн кеңейту мақсатында Қызылжар ауданының жұмыспен қамту орталығына өтiнiшiн бiлдiредi.

Қажеттi құжаттарды жинап, бизнес-жоспар дайындап 3 млн. теңге көлемiнде несие алады.

Қаражатқа Петерфельд селосындағы моншаны қайта құрып, монша және кiр жуу құрыл-жабдықтарын сатып алып халыққа монша және кiр жуу қызметiн ұсына бастайды.

2013 жылы Жұмыспен қамту орталығына жұмысшыларын «бiлдектердi бағдарламалық қамсыздандыру операторы» мамандығы бойынша қайта даярлау курсына жолдауға өтiнiш бiлдiредi, бағдарламаның 6 қатысушысын одан әрi тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылдайды.

2014 жылы штат санын 3 адамға көбейттi.

Қазiргi таңда «Никишин А.П.» ЖК монша қызметi және кiлем, алаша, перде, төсек-орын тысын жуу қызметiн көрсетедi.

Ауданның тұрғындарына қызмет көрсетуден бөлек, кәсiпкерлiк Петропавл қаласының «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты» ММ, ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектебi» РМҚК Петропавл филиалы, «Облыстық аурухана» МКҚК, № 32, №44, №2 мектебiндегi шағын орталықтар және басқа да ұйымдармен бiрге жұмыс iстейдi.

Ұйым Смирнов с. орналасқан «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi Смирнов интернат-үйi» КММ кiр жуу құрал-жабдықтарын жөндеу қызметi және Петропавл қ. «Бала үйi» КММ перделерi мен кiлемдерiн тегiн жуу қызметiн көрсетедi.

Жыл сайын Жеңiс күнiнде ардагерлер мен қарттарға арналған қайрымдылық iс-шараларын ұйымдастырады. Петерфельд с. аялдаманы салды.

Жамбыл ауданы, ТҚКС жаңалық

Требунский Алексей Владимирович 1976 жылы туған, Жамбыл ауданының Пресновка ауылында тұрады. Бос ғимараты болғандықтан, жеке iсiн ашуды ойлады.

Алексей Владимирович Жамбыл ауданының Жұмыспен қамту орталығына жүгiнiп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында микрокредит алу ұсынылды.

Қажеттi құжаттарды жинап, ТҚКС ашу бойынша бизнес-жоспар жасап, 3 000 000 теңге көлемiнде микрокредит алды.

ТҚКС ашылуының арқасында 4 адам жұмыс орындарына ие болды. Жұмысқа құрал-жабдықтар: көтергiш, дәнекерлеу аппараты, май, тосол сатып алынды. Алғашқы кезде Алексей Владимирович айтқандай клиенттердiң болмауы, механик мамандардың тәжiрибесi шамалы болуы бiраз қиындық туғызды, құралдарды пайдалану да қиынырақ болды. Алайда, бiраз уақыттан кейiн механиктер құралдарды игерiп алды, клиенттер келе бастап, iс алға басты.

Бүгiнгi күнi техникалық қызмет көрсету станциясы жөндеу жұмыстарының барлық түрлерiн жасайды: қозғалтқышты жөндеу, қораптарды бояу, электро және газ дәнекерлеу жұмыстары, жүргiш бөлiктердi теңестiру және тағы басқалары.

Шал акын ауданы, Кошенова Сарсенкүл Шамшидинқызы

Кошенова Сарсенкүл Шамшидинқызы 1974 жылы туған. Тұрмысқа шыққан жоқ, кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеп отыр. Зейнеткер анасы, қызы үшеуi тұрады. Сарсенкүл Шамшидинқызы Ташкент Мемлекеттiк медициналық училищесiн жалпы тәжiрбие мейiрбикесi мамандығы бойынша аяқтады. Соңғы 5 жыл Атырау қаласында вахталық әдiспен жұмыс iстеп келдi. Меншiктi тұрғын үйi жоқ болатын.

2016 жылғы наурыз айында отбасымен облысымызға Шал ақын ауданына көшiп келдi. Қазiргi кезде Кошенова Сарсенкүл Афанасьевка ауылдық дәрiгерлiк амбулаториясында мейiрбике болып жұмыс iстейдi. Қазiр оған сатып алу құқығ,ымен жалға тұрғын үй берiлдi, жиһаз,үй техникасы берiлдi, сондай-ақ көшуге субсидия төлендi

Тайынша ауданы, мал шаруашылығын дамыту

26.06.1986 жылы туған, Алабота ауылдық округiндегi Аққұдық ауылында тұрады.

2015 жылдың маусым айында Халықты жұмыспен қамту орталыңына.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының екiншi бағыты аясында микрокредит алу мәселесi бойынша консультация алу үшiн жүгiндi. Жүгiнудiң алдында өзiн өзi жұмыспен қамтамасыз ететiн тұлға мәртебесiнде болды. Кейiн қажеттi құжаттарды ұсынып, ЖК ашты және Петропавл қаласына кәсiпкерлiк негiздерiн оқу бойынша екi апталық курсына жолданды. Сертификат алып, бизнес жоспар жасағаннан кейiн ЖК Ильясов 2015 жылдың шiлде айында мал шаруашылығы саласында бизнес ашу үшiн 3 миллион теңге сомасында кредит алды. Алған қаражатқа мал ұстайтын қораларға жөңдеу жасалды, сонымен қатар қажеттi санда IҚМ сатып алды. 1 тұрақты жұмыс орнын ашты. Бүгiнгi күнi Илясов алған кредитiң мезгiлiнен ерте жауып, «ЖҚ 2020 ЖК» баңдарламасының аясында бизнесiн кеңейтуге 5 миллион теңге алуға тапсырыс берудi жоспарлап жүр.

Әбiшев Азамат Аманжолұлы, Тимирязев ауданы

Әбiшев Азамат Аманжолұлы — 1994 жылы туған. Солтүстiк Қазақстан облысында Дмитриевка ауылының тумасы, 2011 жылы Дмитриев орта мектебiн бiтiрiп, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-iне оқуға түстi. 2015 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары бiлiм алды.

Азамат Аманжолұлы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы бiлiп, 2015 жылы Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгiндi, онда екiншi бағыт аясында жеке iсiн ашу үшiн микрокредит алу мақсатында консультация алды. Сол жылы 3,0 миллион тенге соммасында кредит алып, сол қаражатқа 83 бас қой, 8 бас жас және 3 бас iрi қара мал, жем-шөп сатып алды.

Бүгiнгi күнге қойдың саны 145 басқа және iрi қара малдың саны 12 басқа дейiн көбейдi. Жеке бизнесiн әрi қарай кеңейтуге үмiтi мол.

Азамат Аманжолұлы жеке iсiн дамытуға көмек бергенi үшiн «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттiк бағдарламасына өзiнiң алғысын бiлдiредi.

Үшiншi бағыт
Бақытгүл Аманкелдiқызы Ахметова, СҚО, Уәлиханов ауданы, Кiшкенекөл ауылы, Жамбыл көшесi, 114 үй

Бақытгүл Аманкелдiқызы Ахметова, бiлiмi: жоғары, мамандығы: «Психолог-оқытушы».

Бақытгүл — «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша «Кiшкенекөл селосының №1 орта мектебi» КММ-сiне жастар практикасына жiберiлдi, кейiн осы мекемеге мұғалiм ретiнде тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

Мектептiң қоғамдық өмiрiне белсене қатысып, ауданның және мектептiң әр-түрлi сайыстарына мектеп атынан қатысып, жүлдерiне орындарына ие болуда.

Бақытгүл әлеуметтiк қолдау және басқа да көрсетiлетiн мемлекеттiк қолдау шаралары үшiн бiздiң Елбасымызға, Президенттiк Бағдарламаға ризашылығын бiлдiрiп, алғысын айтады.

Сирожиддин Самиддинұлы Ниятуллаев, СКО, Айыртау ауданының с. Саумалкөл

Сирожиддин Самиддинұлы Ниятуллаев 1990 жылы 13.06. туылған, үйленген, бiр қызы бар. Бiлiмi бойынша педагог. Жұмыспен қамту орталығына жүгiнгенге дейiн жұмыссыз болды.

Сирожиддин Самиддинұлы, құжаттар пакетiн бердi және 2015 жылдың мамырында жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» арқылы балалар шағын-орталығын ашуға 3 млн теңге сомада несие алды.

Алған ақшасына ғимаратқа қайта құрылыс жүргiздi, қажет жабдықтар мен жиһаздар алды.

Қазiргi уақытта шағын-орталыққа 50 бала барып жүр, бизнес-жобаға сай қосымша 15 жұмыс орны ашылды.

Аталған жобаға оның қарындасы Уазифа Самиддинқызы Ниятулла қосылды, ол да «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына қатысушы болып 3 млн теңге сомасында несие алды, және шағын орталықтың балалары үшiн тамақтандыруын ұйымдастырды, қосымша 2 жұмыс орнын ашты.

Ақжар ауданы, өз iсiн бастау үшiн несие

Жанат Зейнелғабиденұлы Ибраев, 1977жылы туған, Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Ленинград ауылының тұрғыны.Үйленген бiр ұлын тәрбиелеуде.

Жанат Зейнелғабиденұлы, ұзақ жылдар бойы жүк көлiгiнде жүргiзушi болып жұмыс iстеген, бiрақ жұмыс орнын қысқартуына байланысты жұмыстан шығуға мәжбiр болды.

Жұмыссыз қалғаннан кейiн ол 2015 жылы Жұмыспен қамту орталығына өзiнiң iсiн ашу үшiн шағын несие алу мәселесi жөнiнде жүгiндi.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушы ретiнде «Даму» қорында кәсiпкерлiктiң негiздерiне оқудан өттi.

Ол барлық керектi құжаттар мен кәсiптiк жоспарды жинап «Ауыл шаруашылығы қаржылық қолдау қорына» ұсынды. Қормен жоба қаралғаннан кейiн, 3,0 млн.теңге сомада несие алды.

Алған қаражатқа жабдықтар, материалдар сатып алынды және тратуар плиткалары, бордюр және де құдыққа салынатын кольцалар жасап шығаратын цех ашылды.

Бүгiнгi күнде цех өнiмдерiне Ленинград және жақын ауылдардан сұраныс артуда.

Шал акын ауданы, өз iсiн бастау үшiн несие

Буркутбаев Руслан Жеңiсұлы 10 қыркүйек 1996 жылғы қр СҚО, Шал ақын ауданы, с. Тельманово дүниеге келдi, 11 сынып бiтiрген, жұмыссыз.

Полиграфиялық өнiм дайындауға шешiм қабылдады, бiрақ бизнес ашуға ақшасы жоқ. 2015 жылы жұмыспен қамту орталығына «жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламаның екiншi бағытына қатысу үшiн хабарласты. Орталықтын жолдамасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерi оқып келгесын, бизнес-жоспарын құрап қажеттi құжаттар пакетiн жинап құрады.

Жобасы микрокредиттiк ұйыммен мақұлданып, Руслан Жеңiсұлы 2,446 млн. теңге сомада шағын кредит алды. Бұл қаражатқа широкоформатный принтер сатып алынды және Сергеевка қаласында жалға үй алынды .

Қазiргi уақытта ЖК «Буркутбаев», жарнама баннерлер, маңдайшалар, стендтер, жарнамалық брошуры, әртүрлi баспа өнiмдерi дайындайды.

Ағымдағы жылғы сайлауалды компаниясы кезiнде жарнамалық өнiмдердi әзiрлеу тапсырыс алды.

Бiр жұмыс орны құрылған.

Руслан Женисович «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» Бағдарламасының екiншi бағытына, қатысушысы болғанына өте қуанышты, өйткенi, бағдарлама оған тәуелсiздiгi мен тұрақтылығына көмектестi.

Бағдарламасы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберiнде тұрғын үй алу

Ахметова Мәстура Жамбылқызы, 1996 жылы туған, Петропавл қаласы.

2015 жылдың маусымында Мәстура «есеп және аудит» мамандығы бойынша Солтүстiк Қазақстан Университетi колледжiн тамамдады. Алайда мамандығы бойынша бiрден жұмысқа тұра алмады. Ол қараша айында Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығына жүгiнiп, есепшi ретiнде жастар тәжiрибесiне жолдама алды. Кейiн Мәстура Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментiне жұмысқа тұрды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатыса отырып, ол екiншi құрамның үшiншi бағыты аясында жатақханадан бiр бөлмелi пәтерге ие болды.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының Нежинка ауылында жартылай шикiзат цехын ашу

Марина Васильевна Шель 1988 жылы 6 қарашада Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының Нежинка ауылында туған.

Бiлiмi орта, тұрмыста.

Үш жылдан астам уақыт жеке кәсiпкердiң түшпара цехында формалушы болып жұмыс iстедi. Осы уақыт аралығында өнiрiстiң қырсырын жақсы меңгерiп, 2010 жылы жартылай шикiзат өндiру цехын ашты. Екi жылдан астам уақыт жұмыс iстеген соң, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгiндi.

Шель М.В. құжаттардың барлық қажеттi тiзбесiн ұсынғаннан кейiн, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар құрамына енгiзiлдi және өндiрiстi кеңейтуге үш миллионов теңге мөлшерiнде кредит алды.

Ағымдағы жылғы күзде жартылай шикiзат өндiру цехын күрделi жөндеудi аяқтады: цехтың сыртқы бетiн және iшкi әрлеуiн жаңартты. Технологиялық құрылғы: ет турағыш, жаю агрегаты және нан илеу құралын орнатты.

Жергiлiктi шеберлер ауысымына 40 килограммнан астам түшпара дайындайды.

Аудан тұрғындарына түшпара, котлет, голубцы, тефтели, мәнтi, чебурек, хинкали ұсынады. Тiлек бiлдiргендер маринадталған және бөлiп салынған куәап сатып алады. Сондай-ақ, клиенттердiң сұранысы бойынша құс, қой, шошқа етi сүрленедi.

Қазiр цехта бес адам жұмыспен қамтылған, алдағы уақытта жұмыс орындарының санын арттыру жоспарланып отыр.

Цех өнiмi тұтынушылардың сұранысына ие. Жартылай шикiзат Нежинка ауылында ғана емес, ауданның басқа да сауда нүктелерi арқылы сатылады.

Есiл ауданы Явленка ауылында мал шаруашылығын дамыту

Рамазанов Нұрбек Маратұлы 1992 жылғы 21 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының Явленка ауылында туған, 2010 жылы оқуды аяқтап Нұрбек Маратұлы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекетiк университетiне экономист мамандығы бойынша оқуға түстi. Үйленбеген, ата-анасымен тұрады.

Нұрбек Маратұлы оқуды аяқтағаннан кейiн бiрден өз бизнесiмен айналысуды шештi, Есiл ауданының Жұмыспен қамту орталығына жүгiндi, онда қажеттi консультация алып, осы Бағдарламаға қатысуға өтiнiш бердi.

Нұрбек Маратұлы Бағдарлама аясында кәсiпкерлiк негiздерi курсына жiберiлдi. Курсты аяқтағаннан кейiн қажеттi құжаттарды жинап, 2015 жылғы 2 шiлдеде мал шаруашылығын дамытуға 2,2 млн.теңге мөлшерiнде микрокредит алды. Бiрнеше айдың iшiнде Нұрбек Маратұлы 20 бас бұзау, 10 бас ШҚМ, 70 бройлер тауығын және мал азығын сатып алды, сондай-ақ әкесiмен бiрге сатып алған малдарды ұстауға жаңа сарай салды. Нұрбек Маратұлы 2016 жылы малдың бiраз бөлiгiн сатып, алған қаражатына екi асыл тұқымды бұқа сатып алды. Микрокредиттiк қарызын уақытында және берешексiз өтеуде.

Рамазанов Нұрбек Маратұлы жеке әңгiмелесу барысында мемлекет тарапынан кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға мүмкiндiк берiлгенiне зор ризашылығын бiлдiрдi.

Аккайын ауданы Токуши ауылында дәндi дақылдарды өсiру бойынша ауыл шаруашылығы дамуы

Марат Бейсенұлы Жұмабаев 1962 жылы Аққайың ауданының Тоқшын ауылында туған. Бидай өнiмдерiн егумен айналысатын «Жұмабаева Г.Ф.» фермер қожалығының басшысы. Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын iске асыру туралы бiлiп, Аққайың ауданының Жұмыспен қамту орталығына кредит алу жайлы жүгiндi. 2015 жылы Бағдарламаға қатысушы болып, өз iсiн одан әрi кеңейту үшiн 54 ай мерзiмiне 1,2 млн.теңге кредит алып өз iсiн мал шаруашылығы бағыты бойынша кеңейттi, iрi қара мал, жылқылар өсiрумен айналыса бастады. Бiр жұмыс орнын ашты. Шаруашылығында 2 бас сүттi iрi қара мал, 3 жылқы бар.

18.10.2017 17:54

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защиты
Яндекс.Метрика