Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Халықпен жұмыс істеу || ҮЕҰ өзара іс-әрекет жасау

ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекеттесу

2011 жылдан бастап мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс арқылы үкiметтiк емес ұйымда психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар он сегiз жастан асқан мүгедектерге үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiледi.

2014 жылы 32 мүгедекке осы қызметтi «АДОН-Север» қоғамдық бiрлестiгi көрсеттi.

Қызмет алушыларға Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартында көзделген көлемде және түрлерiнде жеке қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды ескере отырып, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлдi. Негiзгi бағыт қызмет алушылардың әлеуметтiк оңалтуына және кiрiгуiне бағытталған.

Қызмет көрсетудiң нәтижесiнде өзiн-өзi күту және тазалық сақтау мүкiндiктерi оң нәтиже көрсеттi, қоғамда өзiн-өзi ұстауы, шығармашылық қабiлетiнiң дамуы, кiшi моторикасының дамуы, сөйлеу және өзiнiң ойын жеткiзу қабiлетi, салауатты өмiр салтын ұстануы бiр шама жақсарды.

Қоғамдық бiрлестiктiң жұмыс жоспарына сәйкес қызмет алушылардың үйлерiне барумен қатар, оларға мерекелiк iс-шаралар, дем алу аймағына барып- қайту, театрға, мұражайға, кинотеатрға бару, облыс орталығының көрнектi жерлерiне экскурсиялар ұйымдастырлып, өткiзiледi, қызмет алушылар кемтар адамдарға арналған шығармашылық фестивалдерiне қатысады.

Қызмет алушылар 4 ай бойы «Нептун» аквапаркiне барды. Көптеген балалар жүзудi, сүңгудi үйрендi. Бүлдiршiндер су таушықтарынан сырғанап ойнады. «Сиқырлы бассейн» атты мереке өткiзiлдi.

Сонымен қатар орталықта түрлi: әлеуметтiк құқықтық сұрақтар бойынша ата-аналарға кеңес беру үшiн ата-аналар жиналысы, волонтерлармен кездесу, спорттық сайыстар, Мүгедектер құқықтары туралы конвенциямен таныстыру және ақпараттандыру сияқты iс-шаралар өткiзiледi.

«АДОН-Север» ҚБ мамандарының арнаулы әлеуметтiк көмек кешенiн көрсету жөнiнде жүргiзген жұмыстарының нәтижесiнде қызмет алушылардың эмоционалдық жай-күйiнде, танымдық, тiл дамыту, сөз сөйлеу, жалпы және мәдени деңгейiн кеңейтуде, коммуникативтiк дағыдаларға бейiмделуде оң өзгерiстер байқалады.

16.02.2015 16:54

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защиты
Яндекс.Метрика