Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Халықпен жұмыс істеу || Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: 2017 жылы оралмандар отбасылары үшiн қандай мемлекеттiк қолдау шаралары қаралған?

Жауап: Ағымдағы жылда оралмандар отбасыларының қоныс аударуы бойынша шаралар Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында қаралған.

Бағдарламаға сәйкес, оралмандарға мемлекеттiк қолдау көрсету қаралған, олар отбасының әр мүшесiне — 35 АЕК (79415 теңге) көлемiнде көшуiне субсидиялар беру, сондай-ақ он екi ай бойы тұрғын үйiн жалға алу (жалға) бойынша ай сайын шығындарын өтеу.

Сұрақ: Карттар мен мүгедектерге арналған стационарлық үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемеде тұрақты тұруына және арнаулы әлеуметтiк қызметтер алуына кай азаматтар санатынан мүмкiндiгi бар

Жауап: Карттар мен мүгедектерге арналған стационарлық үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемеде тұрақты тұруына және арнаулы әлеуметтiк қызметтер алуына бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер және қарт адамдар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен, өзiне қызмет көрсете алмайтын және «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес өздерiнiң ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi еңбек етуге қабiлеттi кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективтi себептер бойынша (бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектiгiнiң, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуiне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшiн — егде жаста болуына байланысты) қабылдануы мүмкiн.

Сұрақ: Шартты ақшалай көмек дегенiмiз не және кiмге тағайындалады?

Жауап: 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмектi ендiруге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына сәйкес, бұл отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң алпыс пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретiн ақшалай нысандағы төлем. ШАК еңбекке қабiлеттi отбасы мүшелерiнiң (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда отбасы мүшелерiнiң (адамның) әлеуметтiк бейiмделуден өтуi шартымен отбасына (адамға) тағайындалады.

Сұрақ: Кiмге мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек және 18 жасқа дейiнгi балалы отбасыларына берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалады?

Жауап: «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 Заңына сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгiленген кедейлiк шегiнен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретiн төлем. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегiнен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдiктердiң және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар.

«Балалы отбасыларына мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 18 жасқа дейiнгi балалы отбасыларына әр бiр балаға бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (2383 теңге) ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалады. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен болған жағдайда, осы жәрдемақы алуға құқығы бар.

Сұрақ: Мүгедектерге санаторий-курорттық емделу қызметiн көрсететiн жеткiзушi жыл сайын қандай қағидат бойынша анықталады?

Жауап: Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектiң оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жолдама беру арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емделуге қызмет мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы конкурс тәсiлiмен сатып алынады.

Осы қызмет түрi тауарларды өндiретiн және (немесе) беретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдардан сатып алынуы тиiс (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысы).

Конкурс қорытындысы бойынша мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi ұйымдарының арасында не шарт жасалады, немесе конкурс өтпеген жағдайда барлық жеткiзушiлер арасында қайтадан конкурс өткiзiледi.

Сондай-ақ, санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлiгiнде мүгедектер саны жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының кемiнде елу пайызын құрайтын мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдармен тiкелей шарт жасасу жолымен бiр көзден тәсiлiмен санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу қарастырылған.

Бұл жағдайда тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiнi айқындау үшiн қызметiн жүзеге асыратын кемiнде үш әлеуеттi өнiм берушiге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жiбередi.

Әлеуеттi жеткiзушiлердiң ұсынған коммерциялық ұсыныстарына сәйкес, ең төменгi баға ұсынысы негiзiнде жеңiмпаз айқындалады, онымен шарт жасалады.

04.10.2017 17:44

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімМинистерство труда и соц защиты
Яндекс.Метрика