Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

100 нақты қадам

100 нақты қадам

100 нақты қадам

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ақпараттық жадынама

Аз қамтылған азаматтарды мемлекеттік қолдаудың бір түрі ол атаулы әлеуметтік көмек болып табылады.

2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген Елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа критериялар бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу облыста ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылуда.

Келесі шаралар жүзеге асырылды:

  • АӘК көрсету үшін шекті мән ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50-ден 70% - ға дейін (14 849-дан 20 789 теңгеге дейін) өсті.
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылардың аз қамтылған отбасыларындағы кәмелетке толмаған әрбір балаға 20789 теңге бірыңғай көмек мөлшері белгіленді.
  • отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібі өзгертілді, сонымен қатар көмек тағайындау кезінде мыналар есепке алынбайды:
    • көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік
      жәрдемақылар;
    • баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы;
    • оқушыларға шәкірт ақы.
  • сұрау салынған құжаттарды оңтайландыру арқылы АӘК тағайындау рәсімі жеңілдетілді. Тағайындау рәсімі сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну бойынша «Е-Халық» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Жаңа форматта мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмекке бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек тек объективті себептер бойынша (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектігі, 7 жасқа дейінгі балаларға күтім жасау) өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын отбасыларға ғана беріледі, көмек 6 айға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасалған және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері міндетті түрде қатысқан жағдайда, өз құрамында кемінде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға беріледі.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзіне өзара міндеттемелер алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде шаралар қабылдайды және жәрдемақы төлейді, ал отбасының еңбекке жарамды мүшелері — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысады.

18 жасқа толған аз қамтамасыз етілген отбасының еңбекке жарамды мүшелері әлеуметтік келісім — шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамаған жағдайда санкциялар енгізіледі, яғни жәрдемақы мөлшерін қысқарту тетігі қарастырылған: бірінші бұзушылық кезінде — отбасының еңбекке жарамды мүшелерінде АӘК 50%-ға, қайталанған жағдайда — 100%-ға қысқартылады. Бұл ретте АӘК бала күтімі бойынша және кәмелетке толмаған балалараналар үшін толық көлемдесақталады.

Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісім-шарттың қолданылу мерзіміне (12 ай) тағайындалады, өтініш берушінің өтініші бойынша ай сайын немесе бір рет ШШБ және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін үш ай бұрын төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде адамға тек ақшалай көмек қана емес, оған жұмысқа орналасуға көмектеседі, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жібереді, микрокредиттер мен гранттар ұсынады. Осылайша, өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін отбасының әлеуеті ынталандырылады.

Азаматтар үміткер АӘК бойынша жаңа өлшемдер туралы ақпарат алу үшін, көрсету шарттары осы түрдегі әлеуметтік қолдау, Халықты жұмыспен қамту орталығына, тұрғылықты жері бойынша, ал ол болмаған жағдайда Орталықтың тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға байланысты барлық сұрақтар бойынша СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 46-73-51 телефоны бойынша жүгінуге болады.

АӘК бойынша Брифинг

Брифинг

Басқарманың басшысы С. Яковенко 2019 жылғы 4 наурызда аз қамтамасыз етілген, оның ішінде көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшем шарттарын өзгертуге қатысты брифинг өткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларды қолдау айтарлықтай күшейтіледі.

Мынадай шаралар қабылданатын болады:

Кедейлік шегінің мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 50%-нан 70%-ына дейін (14 849-дан 20 789 теңгеге дейін) ұлғайтылатын болады.

2019 жылға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі «Республикалық бюджет туралы»Қазақстан РеспубликасыЗаңымен белгіленді, ол 29 698 теңгені құрайды.

АӘК алушылардың аз қамтылған отбасыларындағы кәмелетке толмаған әрбір балаға көмектің бірыңғай мөлшері белгіленетін болады.Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы әрбір балаға 20 789 теңге немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде кепілдік берілетін төлем болады.

Көмекті тағайындату кезінде отбасының жиынтық табысын есептеу тәртібі өзгертіледі.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде АӘК тағайындау үшін мыналар: 4 және одан артық балалы көп балалы отбасыларға 10 504 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға 16160 теңге мөлшерінде жәрдемақы; баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы; оқушыларға стипендиялар есепке алынбайды.

Сұрау салынған құжаттарды оңтайландыру арқылы АӘК тағайындау рәсімі жеңілдетілетін болады.

Қолданыстағы 6 табыс көздерінен мәліметтер тек 2-уі ақпараттық жүйелерде отбасының еңбекке жарамды мүшелерінің жалақысы және жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысы туралы мәліметтер сұратылады. Тағайындауға өтініш білдірген кезде өтініш беруші АӘК жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округінің әкіміне тек жеке куәлік пен белгіленген үлгідегі өтінішұсынатын болады.

Қазіргі уақытта Орталық атқарушы органдармен Елбасы айтқан атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, содан кейін енгізілген өзгерістерді ескере отырып, құжаттар мен төлемдерді қабылдау жүзеге асырылатын болады.

Жаңа нысандағы АӘК

2018 жылдан бастап шартты әлеуметтiк қолдау түрiне ауысуға және жұмыспен қамту мен жаңа нысандағы атаулы әлеуметтiк көмек көрсету арасындағы оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған әлеуметтiк көмек көрсету жүйесi жетiлдiрiлдi.

Жаңа нысандағы АӘК енгiзуге дайындалу мақсатында тұрғындармен ақпараттық және ұйымдастыру жұмысы жүргiзiлдi, ол жаңа нысандағы АӘК алуға әлеуеттi үмiткерлердi айқындауға мүмкiндiк бердi.

Ағымдағы жылдың басынан бастапқы кезең аралығында 1390 отбасындағы 5648 аз қатмамасыз етiлген азаматқа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды.

108 отбасына жеке қосалқы шаруашылық сатып алуға бiржолғы төлем берiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысында 2017 жылы «ӨРЛЕУ» жобасының жүзеге асырудың оң мысалдары (ZIP 4713 Kb)

«Жаңа форматтағы мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы» мақала (ZIP 64 Kb)

Ағымдағы жылы Солтүстiк Қазақстан облысында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi жүзеге асырудың оң мысалдары (ZIP 5355 Kb)

2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» жобасын iске асыру нәтижелерi бойынша оң үлгiлерi Zip (117 Kb)

2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын iске асыру туралы Zip (4,75 Mb)

100 нақты қадам
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы
Zip 50 Kb

Атаулы әлеуметтiк көмек туралы ролик

«Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы»
ақпарат

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында табысы төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің (бұдан әрі — АӘК) жаңа форматын енгізу арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін реформалау қарастырылуда.

Әлеуметтік қолдаудың осы түрі табысы төмен отбасылары үшін — атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы, көпбалалы отбасылары үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы сияқты қолданыстағы төлемдердің үш түрін қайта өзгерту есебінен енгізілетін болады. 2015 жылғы 28 қазанда тиісті Заң қабылданды.

Аз мөлшердегі жәрдемақы алу арқылы отбасына көмек көрсетудің қалыптасқан түрі адамдарға кедейлік жағдайынан шығуға мүмкіндік бермей отыр. Бұл ретте, түрлі инстанцияға қайталама құжаттар табыс етіледі, ол азаматтардың өміріне айтарлықтай қиындық тудырады. Мемлекет халыққа нақты көмек көрсетуге мүдделі. 2018 жылдан бастап алдымен кедейлік шегінен төмен табысы бар отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетудегі әдіс өзгереді, атап айтқанда — бірегей жәрдемақы тағайындалып, нақты отбасының кедейлік жағдайынан шығу жоспары әзірленетін болады, ол мемлекет пен өтініш иесінің бірлесіп ат салысуымен іске асырылады.

Заңда қарастырылған жаңа әдістердің мәні мен қолданыстағы жүйеден айырмашылығы:

  • аз қамтамасыз етілген еңбек жасындағы азаматтардың әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы - осы мақсатта алушының (отбасының) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу жөніндегі міндеттері айқындалған әлеуметтік шарт жасалады;
  • тағайындау тәртібі қайта қаралды, атап айтқанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін кедейлік шегін ең төменгі күкөріс мөлшерінен 40%-дан 50%-ға дейін, тиісінше көмек мөлшерін де арттыру.

Жаңа форматтағы АӘК-ге отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 50-нан кем болатын барлық отбасылары үміткер бола алады.

Мысалы, 2017 жылғы үшінші тоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ең төменгі күнкөріс мөлшері 23528 теңгені құрады, ендеше, отбасының әрбір мүшесіне орташа табысы осы соманың 50-нан кем, яғни 11764 теңге болатын адам немесе отбасы АӘК алушы бола алады. Әрбір отбасы үшін жәрдемақы жеке есептеледі. 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек: шартты және шартсыз ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді:

Шартсыз ақшалай көмек объективті (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектік және өзге де әлеуметтік әлжуаздық) себептер бойынша өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға көрсетіледі.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан (кәсіби даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, жұмысқа орналастыру) жағдайда аз қамтамасыз етілген еңбек жасындағы отбасылары арасынан үміткерлерге шартты ақшалай көмек түрінде қолдау көрсетіледі, ол еңбек уәждемесін арттыруға және өзін-өзі қамтамасыз етуге ниеттенуге ықпал ететін болады.

Жаңа форматтағы АӘК-нің ерекшелігі аз қамтамасыз етілген отбасыларына ақшалай жәрдемақыдан бөлек жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, сондай-ақ әлеуметтік бейімдеу қызметін көрсетуді көздейтін кешенді көмек көрсету болып табылады.

Мемлекет АӘК алушыларға тек ақшалай ғана емес, бизнес жүргізу, қажетті дағдыларға үйрену, қажет болған жағдайда психологиялық, медициналық және өзге де қолдау көрсету мәселелері бойынша да көмек көрсетуге дайын. Бұл жаңа форматтағы АӘК көрсету процесіне әлеуметтік қорғау органдарын ғана емес, осы жұмысқа білім, құқық қорғау органдарын және өзге де қызметтерді қосуды қамтиды.

АӘК алушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жаңа әдістерге сәйкес жасасқан әлеуметтік шарт бойынша міндеттерді орындаудан бас тартқан жағдайда отбасының еңбек жасындағы мүшелеріне — АӘК алушыларға санкциялар қарастырылған, яғни әлеуметтік шартты орындауға байланысты ақшалай көмек 50%-ға (бірінші рет бас тартқан кезде) кемітіледі немесе (қайтадан бас тартқан жағдайда) тоқтатылады. Дей тұрғанмен, аз қамтамасыз етілген еңбек жасындағы отбасылары мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы/қатыспауына қарамастан 7 жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын аналарға және балаларға әлеуметтік қолдау (АӘК) толық көлемінде сақталады.

Жаңа форматтағы АӘК алуға үміткер азаматтар әлеуметтік қолдаудың осы түрін алу тәртібі туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде аз қамтамасыз етілген отбасылары үшін шартты ақшалай көмекті ендіру жөніндегі «Өрлеу» жобасы туралы
ЖАДНАМА

  • «Өрлеу» жобасы деген не

«Өрлеу» жобасы — отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру жөніндегі іс-шаралар кешені;

Шартты ақшалай көмек (бұдан әрі — ШАК) — отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің алпыс пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты — «Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен Халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

Шартты ақшалай көмек алуға кім құқылы?

Отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, бейімделуден өтуі шарты болған жағдайда отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 60 -нан кем болмайтын азаматтар жобаға қатысуға құқылы. 2017 жылғы 3-тоқсанда ең төменгі күнкөріс мөлшері 21310 теңгені, тиісінше ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 60-ы 12786 теңгені құрайды.

  • «Өрлеу» жобасына қатысу үшін қайда жүгіну керек?

Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша орталыққа немесе ол болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді, онда әңгімелесу жүргізіледі және орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді.

Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер нысандарға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады.

  • «Өрлеу» жобасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
  • жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оралмандар үшін — оралман құжаты;
  • орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
  • отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет
  • болған кезде);
  • әр отбасы мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
  • орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы.
  • Шартты ақшалай көмек қалай төленеді?

Шартты ақшалай көмек ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.

Біржолғы төлем:

  • жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу),
  • дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға шығындардан басқа) пайдаланылады.
  • «Өрлеу» жобасына отбасын сүйемелдеу кезеңдері.
  1. Консультация — тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде «Өрлеу» жобасына қатысу шарттарын түсіндіреді.
  2. Қатысуға келіскен жағдайда болжамды мемлекеттік қолдау шараларына әңгімелесу жүргізіледі және барлық қажетті құжаттар қабылданады.
  3. Учаскелік комиссия құжаттарды қабылдағаннан кейін отбасының материалдық жағдайын тексереді және тексеру актісін жасайды.
  4. Жұмыспен қамту орталықтары отбасының «Өрлеу» жобасына қатысу құқығын айқындайды.
  5. Отбасының жан басына шаққандағы айлық табысы 60 пайыздан аспаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету үшін отбасының еңбекке жарамды мүшелеріне жолдама беріледі.
  6. Осыдан кейін отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалады, онда мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады.
  7. Шартты ақшалай көмек 6 ай ішінде ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді. ШАК Өрлеу» жобасына өтініш берген кезде бір рет есептеледі және жыл ішінде қайтадан есептелмейді.
  8. Жұмыспен қамту орталықтары мен ассистенттер отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жағдайларының орындалуын ұдайы бақылайды.
  • Қандай жағдайларда ШАК төлеу тоқтатылады?

1) «Өрлеу» жобасына қатысушы мен (немесе) әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған;

2) келісімшартты жасау және (немесе) орындау кезінде дәйексіз мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бұзылған;

3) ШАК алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтер, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықталған;

4) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтер, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан келіп түскен;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздестіріліп жатқан адамдар фактісі, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықталған;

7) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтер түскен;

8) адам (отбасы) өзінің бастамасы бойынша «Өрлеу» жобасына қатысудан бас тартқан жағдайда ШАК төлемі тоқтатылады.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «100 қадам — Ұлт жоспарының» 84-қадамын iске асыру туралы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын iске асыру туралы Zip (4 Mb)

84-қадам. Әлеуметтiк көмектi оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтiк көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берiлетiн болады. Кiрiсi төмен еңбекке қабiлеттi азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына белсендi қатысуы жағдайында ғана берiлетiн болады.

Солтүстiк Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын iске асыру туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаны iске асыру жөнiндегi 100 нақты қадам» — Ұлт жоспарында берген тапсырмасын iске асыру аясында әлеуметтiк көмектi оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландырудың жаңа әдiстерiн қарастыруда.

2015 жылдан бастап облыс аумағында аз қамтылған отбасыларды әлеуметтiк көмек көрсету үшiн «Өрлеу» жобасы iске асырылуда.

Жобаның iске асырылу кезеңiнен бастап 597 әлеуметтiк келiсiмшарт жасалды, 2623 адам жоба қатысушылары болды және олар кедейлiк жағдайынан шықты, соның iшiнде 2017 жылы 340 отбасы (1520 адам) жобаға қатысты, сонымен қатар 364 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларымен қамтылды. Бүгiнгi күнi 316 жоба қатысушылары тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Шартты ақшалай көмек 1225 адамға (277 отбасы) 25,1 млн. теңге көлемiнде төлендi.

2017 жылы қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы 3,7 есе (5450,2 теңгеден 20030, теңгеге дейiн) артты.

Ағымдағы жылы 4 және одан да көп балалары бар 62 көпбалалы отбасы «Өрлеу» жобасының қатысушылары болды.

2016 жылы «Өрлеу» жобасын iске асыру қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» ұлттық жоспарында баяндалған тапсырмасын iске асыру аясында әлеуметтiк көмектiң атаулы сипатын күшейту арқылы оны оңтайландырудың жаңа әдiстерiн қарастыруда.

Халықтың әлжуаз топтарының өмiр сүру деңгейiн арттыру, масылдық ниеттi жою, кедейлiк шегiндегi отбасының нақты табысын арттыру мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасы iске асырылуда.

2016 жылы осы жобаға облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласы қатысты, 211 әлеуметтiк шарт жасалды, 228 адам жұмысқа орналастырылды. 920 адамға 29941,5 мың теңге сомасында көмек төлендi, бұл ретте, қатысушылардың жан басына шаққандағы табысы 3,6 астам есе артты (5347,7 теңгеден 19803,1 теңгеге дейiн).

Қазiргi кезде 144 жобаға қатысушы тұрақты жұмыс орындарында еңбек етуде.

«Өрлеу» пилоттық жобасы өзiнiң нәтижелiлiгiн және әлеуметтiк маңыздылығын көрсетiп отыр. Оған қатысқан отбасылары материалдық жағдайларын жақсарта алды. Мына нақты мысалдар соның куәсi болып отыр.

Ағымдағы жылдың сәуiр айынан бастап Мамлют ауданынан жетi адамнан тұратын Бекболатовтардың отбасы «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет бiлдiрдi. Отбасын белсендiру әлеуметтiк шарты жасасқаннан кейiн отбасының отағасы «В», «С» санаттары бойынша жүргiзушi ретiнде «Автолидер» ЖШС-ға оқуға жiберiлдi, кейiн «Бiрлiк» ШҚ-ға тұрақты жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтiк шарт жасасқанға дейiн отбасының жан басына шаққандағы табысы 5201,5 теңгенi құрады, әлеуметтiк шарт бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, ол 17222,4 теңгеге дейiн өстi. Еңбекақысын және мемлекет тарапынан шартты ақшалай көмектi ескере отырып, отбасының жан басына шаққандағы табысы 3,3 есе арттырылды.

Қызылжар ауданының тұрғыны Р.О. Турманов «Өрлеу» жобасының арқасында ЖК «Ақпас»-да механизатор ретiнде тұрақты жұмыс орнына ие болды. Әлеуметтiк шарт жасасқанға дейiн отбасының жан басына шаққандағы табысы 3126 теңгенi құрады, әлеуметтiк шарт бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, ол 16509,4 теңгеге дейiн өстi. Отбасының жан басына шаққандағы табысы 5,3 есе арттырылды.

Ағымдағы жылғы қаңтар айынан бастап Воловиктiң отбасымен отбасын белсендiру әлеуметтiк шарты жасалды. «Өрлеу» жобасына жүгiнге дейiн отбасының жан басына шаққандағы табысы 2091,65 теңгенi құрады.Отбасының отағасына «Өрлеу» жобасына қатысушы болу және «Жұмыспен қамту 2020 жол кратасы» бағдарламасын iске асыру аясында «Карина S» ЖШС-ға механизатор болып жұмысқа орналасу ұсынылды. Жеке қосалқы шаруашылығын кеңейту үшiн отбасына бiржолғы көмек көрсетiлдi. Отбасы 2,5 айлық бұзау және жемазық сатып алды. Жергiлiктi жердегi әлеуметтiк қызметтер адамдардың еңбек етуге тырыспау жағдайларына жиi тап болады. Олар бiр күндiк қана өмiр сүредi. Уақытша жұмыстан аз ғана ақша, кездейсоқ табыс тапса, соған мәз болады не жәрдемақы алып күн көредi. Ал күнде жұмысқа барып, тұрақты еңбекақы алуға, өзiнiң және отбасының болашағын жоспарлауға ниет қоймайды.

2018 жылдан бастап әлеуметтiк жәрдемақылар туралы жаңа заң күшiне енедi, ол бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларына төленетiн атаулы көмек және балалар жәрдемақысы бiрегей әлеуметтiк төлемге бiрiктiрiледi. Олар тек еңбекке жарамсыз — мүгедектерге және оларға күтiм жасайтын адамдарға ғана төленедi. Еңбек жасындағы қалған азаматтар мемлекет тарапынан көмек алу үшiн мiндеттi түрде әлеуметтiк шарт бойынша жұмысқа баратын болады.

Шын мәнiнде, «Өрлеу» жобасы — ол өтпелi кезең, аз қамтамасыз етiлген отбасыларын бүгiнгi күн талабына сай өмiр сүруге үйрететiн әлеуметтiк көпiр iспеттес, ондағы басты қағидат күн сайынғы еңбек ету қажеттiлгi болып табылады.

2017 жылға «Өрлеу» жобасын әрi қарай iске асыру үшiн мемлекет тарапынан қаражат бөлiндi. Үмiткер оған қатысу үшiн қажеттi құжаттар топтамасымен бiрге өз атынан жеке немесе отбасының атынан жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне не ауылдық округi әкiмiне жүгiнуi қажет.

Мақаланың шыққан күні: 11.05.2018 10:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.10.2019 18:02

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы

Подать резюме

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

A- A A+