Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қорытындылары туралы ақпарат

2020 жылғы 1 мамыр жағдай бойынша
халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде

2020 жылғы 1 мамырға облыста 6604 адам жұмысқа орналастырылды. 2696 жаңа жұмыс орны құрылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға (одан әрі — Бағдарлама) 6,9 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы алғанда, 4695 адам Бағдарлама қатысушы атанды, оның ішінде 3223-ы немесе 69% ауылды жерлердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама аясында жұмысқа орналастыру бойынша барлығы 3953 шара көрсетілді, оның ішінде 2458 адам Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы деректер базасында қолда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2020 жылы 426 қатысушыны техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша, сондай-ақ 500 адамды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдлар бойынша жұмысшы кадрларын қысқа мерзімді кәсіби оқыту жоспарланды.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгеге 643 несие беру жоспарлануда. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 376,3 млн.теңге сомасына 88 несие берілді. Бұдан басқа, Бағдарлама іс-шаралары қарыздарды субсидиялауды және кепілдендіруді қарастырады. 950 қатысушыны «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 73,9 млн. теңге сомасына 140 грант (жоспар бойынша — 675 грант) берілдіғы.

Бағдарламаның «Еңбек нарығын еңбек ресурстарының мобильдігі және халықты жұмыспен қамтуына жәрдемдесу арқылы дамыту» үшінші бағыты аясында ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 198 қатысушы әлеуметтік жұмыс орындарына (жоспар бойынша — 502 адам) жұмысқа орналасты, 48 қатысушы жастар тәжірибесінен өтуге (жоспар бойынша — 500 қатысушы), 1326 қатысушы қоғамдық жұмыстарға (жоспар — 2898 адам) жіберілді.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында 32 млрд.107 млн. теңгеге қажеттілік қалыптасты, бұл 377 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, облыс бойынша жобаларды іске асыру барысында 6488 — жұмыс орнын құру күтілуде, ол жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3244 адам жұмысқа орналастырылмақшы.

Бұдан басқа, құрылыс және қайта жаңарту нысандары іске қосылғаннан соң, 482-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

Қазіргі уақытта барлығы жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жарияланды.

Коңыстандырушылар бойынша

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2020 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 686 отбасын (2416 адам) қабылдау жоспарланған.

2020 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша 475 адам бар 156 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 31,84 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 63,46 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Түркістан облысынан — 49 отбасы, Нұр-Сұлтан қаласынан — 39, Алматы облысынан — 25, Жамбыл — 19, Алматы қ. — 10, Шымкент қ. — 7, Қызылорда облысынан — 6, Маңғыстау — 1 және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 475 адамның арасынан 240 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 96 адам жұмысқа орналастырылды, 206 бала, 11 зейнеткер және 18 студент көшіп келді.

Оралмандар бойынша

2020 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша жалпы саны 63 адаммен 27 этникалық қазақ отбасы келіп, оралман мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша ҚХР — 19 отбасы (55 адам), Ресей Федерациясынан 4 отбасы (4 адам), Өзбекстаннаң 3 отбасы (3 адам) және Моңғолиядан — 1 отбасы (1 адам) келді.

Оралмандарды қабылдау өңірлік квотасына 24 отбасы (62 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 3,5 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 1,6 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Квотаға енгізілген 62 адамның арасынан: 37 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, 25 бала, 3 студент.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2020 жылғы 1 мамырдағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 8,2 мың адамды құрады.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мыналар:

  • 1713 отбасындағы 7815 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Көмектің жалпы сомасы 191,8 млн. теңге.
  • 535 отбасына 3,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,8%-ға немесе 249 отбасына төмендеді (2019 жылғы 1.05. — 784 отбасы).
  • 16251 азаматқа 469,7 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,0%-ға немесе 15117 адамға ұлғайды (2019 жылғы 1.05. — 5943 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,6 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы жанынан 45 орынға мүгедек балалар үшін күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жаныан 10 орынға жасы 18-ден асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып стандартта қарастырылыған көлем және түрлері бойынша ұсынылады.

2020 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс мүгедектері оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес, 2020 жылы мүгедектерді:

800 мүгедектік кресло-арбамен (РБ — 563 дана, ЖБ — 237 дана);

1769 бірлік сурдо-техникалық, соның ішінде 139 сандық есту аппаратымен (РБ — 1769 дана);

1440 тифло-техникалық құралымен (РБ — 1285 дана, ЖБ — 155 дана);

9 мүгедектерді колехарлық импланталарына сөйлеу процессорларын (Cochlear и Med-el сөйлеу процессоры) ауыстыру жөніндегі қызметпен қамтамасыз ету;

775 мүгедекті санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жоспарлануда (РБ — 358 жолдама, ЖБ — 417);

1050 адам — протездік-ортопедиялық көмекпен 2660 бұйыммен қамтамасыз етіледі (РБ — 950 адам 2075 бұйым, ЖБ — 100 адам 585 бұйым).

Қалалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен, ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылдың басынан 993 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 606 адам әлеуметтік қызметтерімен қамтылды, соның ішінде 1 топтағы жүріп-тұруда қиындық көретін 432 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі, және естуі бойынша 174 мүгедекке — ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 14993 адам 209632,7 мың теңге сомасында қайырымдылық көмекпен қамтылды.

Мақаланың шыққан күні: 11.05.2018 09:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.05.2020 18:46

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы

Подать резюме

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

A- A A+