Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жоспар-кестені орындау бойынша ақпарат

2014 жылы Мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру жөнiндегi 2014–2015 жылдарға арналған жоспар-кестенiң тармақтарын орындау бойынша ақпарат

1-тармақ. 2014 жылы паспорттандыру жоспарланып отырған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң тiзiмдерiн нақтылау.

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң мәлiметтерiне сәйкес 2014 жылы паспортталуға тиiс әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң тiзiмi нақтыланды. Ағымдағы жылы 59 объектiнi паспорттау жоспарланған болатын. А.ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 75 объект паспортталды (1-қосымша).

2-тармақ. Әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне паспорттау жүргiзу.

А.ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста 75 әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiсi паспортталды, соның iшiнде аудандар бөлiнiсiнде: Ақжар — 21, Аққайың — 16, Есiл — 4, Жамбыл — 2, М.Жұмабаев — 1, Мамлют — 2, Ғ.Мүсiрепов атындағы — 4, Тимирязев — 2, Уәлиханов — 1, Шал ақын — 12, Петропавл қ. — 10 объект.

3-тармақ. 2014–2015 жылдары, соның iшiнде Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасының бiрiншi бағыты аясында бейiмдеуге жататын әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң тiзiмiн нақтылау.

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң деректерi бойынша 2014-2015 жылдары бейiмдеуге жататын әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң тiзiмi нақтыланды. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының бiрiншi бағыты аясында iске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тiзбесiне жалпы шығын сомасы 2607,0 мың теңге болатын ұтқырлығы төмен халық тобына пандустар орнату бойынша 2 объект енгiзiлдi:

  • Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 1-үй мекенжайы бойынша орналасқан Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында ұтқырлығы төмен халық тобына арналған пандусты күрделi жөндеу жұмыстары (орнату) (пандусты орнату бойынша күрделi жөндеу жұмысы аяқталды. Жұмыс комиссиясының және мемлекеттiк қабылдау комиссиясының қорытынды актiлерiне қол қойылды);
  • Петропавл қаласы, Васильев көшесi, 69 мекенжайында орналасқан Облыстық қуыршақ театрында ұтқырлығы төмен халық тобына арналған пандусты күрделi жөндеу жұмыстары (орнату) (пандусты орнату бойынша күрделi жөндеу жұмысы аяқталды. Жұмыс комиссиясының және мемлекеттiк қабылдау комиссиясының қорытынды актiлерiне қол қойылды).

4,5-тармақ. Паспорттандырудан өткен коммуналдық меншiктегi объектiлердi бейiмдеуге мониторинг жүргiзу.

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң мәлiметтерi бойынша 2014 жылдың iшiнде облыста паспортталған және коммуналдық меншiктегi 70 объект мүгедектер үшiн қолжетiмдiлiк элементтерiмен қамтамасыз етiлдi (2-қосымша).

6-тармақ. Паспорттаудан өткен жеке меншiктегi объектiлердi бейiмдеуге мониторинг жүргiзу.

Ағымдағы жылдың басынан бастап облыста паспортталған және жеке меншiктегi 25 әлеуметтiк инфрақұрылым объектiсi бейiмделдi.

7-тармақ. «Әлеуметтiк-мәдени сала объектiлерi» деректер қорына бейiмдеу жөнiндегi жүргiзiлген жұмыстар туралы мәлiмет енгiзу.

Басқарма кедергiсiз орта құрудың мониторингiсiн жүргiзу үшiн «Әлеуметтiк-мәдени сала объектiлерi» деректер қорын әзiрледi, оған жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң мүгедектерге үшiн кедергiсiз орта құру жұмысын жүргiзу бойынша мәлiметтерi енгiзiледi.

8-тармақ. 2014 жылы құрылысы аяқталатын және пайдалануға берiлетiн объектiлердiң тiзбесiн анықтау (мемлекеттiк және жеке секторда).

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң деректерi бойынша құрылысы (қайта салу) және пайдалануға тапсырылуы (тапсырылған) 2014 жылға жоспарланған объектiлердiң (мемлекеттiк және жеке секторда) тiзбесi анықталды (3-қосымша).

11-тармақ. Ұтқырлығы төмен халық топтары үшiн ғимараттарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету бөлiгiнде қолданыстағы мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын орындамау фактiлерi анықталған жағдайда жобаға сараптама жүргiзген сарапшыларға және жобалық ұйымдарға қатысты қолданыстағы заңнама төңiрегiнде тиiстi шаралар қолдану.

Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментi аудандар мен Петропавл қ. әкiмдерiне, жобалық ұйымдар басшыларына, «СҚО бойынша Мемлекеттiк сараптама» ММК филиалының сараптама ұйымдарының басшыларына объектiлерге мүгедектердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде мемлекеттiк нормативтердi сақтау қажеттiгi туралы хаттар жiбердi.

12-тармақ. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын iске асыру мақсатында мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн салынған немесе қайтадан пайдалануға берiлген объектiлердi қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамына енгiзу.

Аудандар мен Петропавл қ. әкiмдерiне мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясының құрамына енгiзу қажеттiгi туралы хат жiберiлдi (2014 жылғы 3 сәуiрдегi шығыс № 20.8-2-1094).

13-тармақ. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағын орындау туралы мәлiмет беру.

Ағымдағы жылғы 27 наурыз күнi аудандар мен Петропавл қ. әкiмдерiне, құрылыс және сәулет және қала құрылысы басқармаларына мүгедектiк арбалар үшiн жүру жолдарымен, пандустармен, қондырғылармен қамтамасыз етiлген объектiлердi, ғимараттарды салу кезiнде құрылыс нормаларының және ережелерiнiң және басқа нормативтердiң орындалуына бақылау жүргiзу туралы хаттар жiберiлдi.

А.ж. 20 маусым күнi аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдерiне халықтың ұтқырлығы төмен топтарының әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн қолданыстағы мемлекеттiк нормативтердiң мынадай тiзбесi жiберiлдi ( 3.06-15-2005 ҚР ҚУ «Халықтың ұтқырлығы төмен топтарының ғимараттарға қолжетiмдiлiгiн ескере отырып, ғимараттарды жобалау. Жалпы ережелер»; 3.01-05-2001 ҚР ҚБҚ «Қала құрылысы. Мүгедектер мен халықтың ұтқырлығы төмен басқа да топтарының қажеттiлiктерiн ескере отырып елдi мекендердiң құрылысы және жоспарлануы»; 3.02-05-2003 МСЖ «Халықтың ұтқырлығы төмен топтары үшiн ғимараттарға қолжетiмдiлiгi»).

А.ж. 26 маусым күнi облыс ұйымдарына ағымдағы жылы аудандардағы және Петропавл қ. ведомстволық бағынысты мекемелерде барлық санаттағы мүгедектердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету (пандустармен жарақтау, мекемелердi дыбысты, акустикалық және визуалды құралдармен, сондай-ақ тактильдi ақпарат құралдарымен жабдықтау) iс-шараларын жүргiзу қажеттiгi жөнiнде хаттар жiберiлдi.

14-тармақ. «Нұр Отан» партиясы жанында мүмкiндiктерi шектелген адамдар үшiн кедергiсiз орта құру жұмыстарын бақылауға арналған қоғамдық кеңестердi құруда жәрдемдесу.

«Нұр Отан» партиясының Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының мәлiметi бойынша «Кедергiсiз орта» қоғамдық акция аясында мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру жұмысын бақылауға арналған Қоғамдық кеңес құрылды, оның құрамына Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң СҚО бойынша департаментiнiң өкiлдерi, облыс әкiмiнiң мүгедектермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi кеңесшiсi, «Қамқор» облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы В.Г.Демьянов, мүгедектермен жұмыс жүргiзетiн үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары ендi.

Бүгiнгi күнде мүгедектер қоғамының өкiлдерi Ғ.Мүсiрепов атындағы, Айыртау және Тайынша аудандарының, Петропавл қ, 10 әлеуметтiк-маңызды инфрақұрлым объектiсiн тексердi. Объектiлердi тексеру барысында бiрқатар ескертулер айқындалып, Қоғамдық кеңес оларды жою бойынша ұсыныстар бердi.

Әлеуметтiк-маңызды инфрақұрылым объектiлерiнiң мүгедектер үшiн қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етiлуiне қоғамдық мониторинг жүргiзу мақсатында бұндай шығулар ай сайынғы негiзде жалғасады.

Мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды қолдау мәселерi бойынша жұмыс тобының төрт отырысы өткiзiлдi, отырыстарда жұмыс бағыттары әзiрлендi. Отырыстарға облыстық партия филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары, облыс және қала әкiмдерiнiң мүгедектермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi кеңесшiлерi, қалалық және облыстық мүгедектер қоғамдарының басшылары, СҚО бойынша кәсiпкерлер Палатасының өкiлдерi қатысты.

15-тармақ. Облыс әкiмдiгi жанындағы мүгедектер iстерi жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарында аудандар мен Петропавл қаласы әкiмдерiнiң мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру жөнiндегi есептерiн тыңдау.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 2014 жылғы Жоспарға сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi жанындағы мүгедектер iстерi жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң 4 отырысы өткiзiлдi, отырыстарда мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру мәселелерi тыңдалды.

А.ж. 14 тамыздағы және 2 желтоқсандағы отырыстарда мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыс жөнiнде аудандар мен Петропавл қ. әкiмдерiнiң орынбасарлары тыңдалды.

Отырыстардың қорытындысы бойынша мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кедергiсiз орта құру бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлiгiнде тиiстi ұсынымдар мен ұсыныстар берiлдi.

16-тармақ. Мүгедектердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне бейiмдеу жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi деректердiң бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз ету.

Iшкi саясат басқармасының мәлiметi бойынша мемлекеттiк тапсырыстарды орындайтын 30 баспа басылымында «Әлеуметтiк қорғау», «Социальная защита», «Әлеумет», «Социум», «Мүмкiндiгi шектеулi жандарды қолдау», «Мүгедектердi қорғау», «Государственная поддержка инвалидов» және т.б. айдарлар жұмыс iстейдi. Телеарналарда мүгедектердi қолдау мәселелерi «Диалог», «Обозрение» бағдарламасында, «МТРА жаңалықтары» жаңалықтар бағдарламасында, «Қазақстан-Петропавл» телеарнасында «В прямом эфире», «Тiкелей эфирде», «Бiздiң кейiпкер», «Туған жер тұлғалары» және «Ақпарат» жаңалық бағдарламаларында жарияланады. Жыл басынан бастап баспасөз БАҚ-та 158 материал жарық көрдi, телеарналарда 126 сюжет және бағдарламалар эфирге шықты.

2014 жыл iшiнде «Қазақстан-Петропавл» телеарнасында «Реальные люди» телебағдарламасын айына екi рет мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шығару ұйымдастырылды.

Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң СҚО бойынша департаментiнiң сайтында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында «Кедергiсiз орта» қоғамдық акциясына қатысу жөнiнде ақпарат жарияланды.

Бүгiнгi күнi басқарманың интернет-ресурсында «Мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру» тарауы орналастырылды, онда мүгедектер үшiн кедергiсiз орта құру жөнiндегi мәлiметтер жарық көрдi.

Мақаланың шыққан күні: 11.05.2018 14:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.05.2018 14:34

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы

Подать резюме

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

A- A A+