Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы

2018 жылы Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» республикалық конкурсының қорытындылары туралы

2018 жылы Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» республикалық конкурсының қорытындылары туралы

2018 жылғы 11 желтоқсан күнi Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласында «Конгресс-Орталықта» (EXPO орталық) «Парыз» республикалық конкурсының лауреаттарын марапаттау салтанатты рәсiмi өттi.

Марапаттау рәсiмiне Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары А.Ж. Сақыпкереевтiң басқаруымен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы С.И. Яковенко, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қ.С. Пшенбаев, сондай-ақ ағымдағы жылдың лауреаттары және өткен жылдардың номинаттары бар делегация қатысты.

Марапаттау барысында мыналар:

  • «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын» номинациясында орта және шағын бизнес кәсiпорындары арасында бiрiншi орынды иеленгенi үшiн диплом және алтын кубок табыс етiле отырып, Есiл ауданының «Азия-Таранғұл» ЖШС басшысы Гольцер Петр Федорович;
  • «Үздiк ұжымдық шарт» номинациясында орта және шағын бизнес кәсiпорындары арасында екiншi орынды иеленгенi үшiн диплом және күмiс кубок табыс етiле отырып Мамлют ауданының «Белое-Агро» ЖШС басшысы Әлжанов Талғат Сейiлбекұлы;
  • «Экологияға қосқан үлесi үшiн» номинациясында iрi бизнес кәсiпорындары арасында үшiншi орынды иеленгенi үшiн диплом және қола кубок табыс етiле отырып, «СевКазЭнерго» АҚ директорлары кеңесiнiң төрағасы Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы марапатталды.

«Парыз 2018» конкурсының облыстың турының лауреаттарын айқындау туралы

2018 жылғы 4 қыркүйек күнi Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсының төрт номинациясы бойынша iрi, орта және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi арасынан конкурстың республикалық турына қатысатын 32 кәсiпорыннан 35 өтiнiмдi қарай отырып, сараптамалық жұмыс тобының отырысы өткiзiлдi.

Отырыс қорытындысы бойынша барынша көп балл жинаған 19 лауреат айқындалды.

«Парыз 2018» конкурсының облыстың турының лауреаттарын айқындау туралы

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» облыстық конкурсын өткiзудiң ережелерi

«Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес 2018 жылы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi конкурсты өткiзу басталғаны жарияланады.

Конкурс екi кезеңде: өңiрлiк және республикалық деңгейде өткiзiледi.

Оған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қатыса алады.

Лауреаттар атағы үш санатта берiледi:

  1. шағын кәсiпкерлiк субъектiсi;
  2. орта кәсiпкерлiк субъектiсi;
  3. iрi кәсiпкерлiк субъектiсi.

және төрт номнация бойынша:

1) «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды әлеуметтiк бейiмдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, кадрларды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң кызметi қаралады;

2) «Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын».

Бұл номинацияда еңбек кызметi процесiнде қызметкерлердiң денсаулығын сақтауға мүмкiндiк беретiн еңбек жағдайларын жасайтын үмiткерлердiң қызметi қаралады.

3) «Үздiк ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4) «Экологияға қосқан үлесi үшiн». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

Үмiткерлер конкусқа қатысуға үшiн материалды бiр данада тапсырады, олар:

  1. толтырылған өтiнiмдi;
  2. үмiткердiң өз қызметiне және бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiне жасаған бағасының деңгейiн көрсететiн есебi. Үмiткердiң есебiне мыналар кiредi: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпаратты;
  3. есепке қосымшаны (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар).
  4. сауалнаманы қамтиды.

2016 жылғы бизнестiң әлеметтiк жауапкершiлiгi «Парыз» конкурсының қорытындысы туралы

2016 жылғы бизнестiң әлеметтiк жауапкершiлiгi «Парыз» конкурсының қорытындысы туралы

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi Қазақстанның тұрақты даму стратегиясының маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Осыған байланысты Үкiмет кәсiпкерлердiң әлеуметтiк жауапкершлiк әдебi мәдениетiн қалыптастыру үшiн жайлы жағдайлар жасауға баса көңiл бөледi.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2008 жылы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi форум барысында бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» республикалық жыл сайынғы конкурсын ұйымдастырды. Конкурсты өткiзудiң мақсаты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн өзiнiң қызметкерлерi үшiн де, тұтастай алғанда қоғам үшiн де әлеуметтiк мәселелердi шешуге ынталандыру болып табылады.

Ағымдағы жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы «Парыз-2016» конкурсына 33 қатысушыға материалдар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiне жiбердi.

Облыстық турда мынадай кәсiпорындар жеңiске ие болды «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын» номинациясында: «Ақселеу» ЖШС (Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан), «Степноишимтәжiрибе стансасы» ЖШС (Тайынша ауданы), «ViZaVi Companу» ЖШС (Петропавл қ.), «Казградстрой-НС» ЖШС (Петропавл қ.), ЖК «Стрелец А.В.» (Есiл ауданы), «Жолдасбай-Агро» ФШ (Уәлиханов ауданы), «СААМСИ» ФҚ (Шал ақын ауданы), «Ғайса» ЖШС (Есiл ауданы), «Петерфельд-Агро» ЖШС (Қызылжар ауданы), «Аттракциондар әлемi» (Петропавл қ.); «Үздiк ұжымдық шарт» номинациясында: «Қазпошта» АҚ Солтүстiк Қазақстан филиалы (Петропавл қ.), «Стан» ЖШС (Мамлют ауданы); «Еңбек қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын» номинациясында: «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ (Петропавл қ.).

Облыс әкiмi Е.Х. Сұлтанов марапаттау салтанатында дипломдар мен марапаттау кубогын табыс еттi.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2016 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» осы конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсiмi өттi.«Үздiк ұжымдық шарт» номинациясында орта және шағын бизнес кәсiпорындары арасында Мамлют ауданының «Стан» ЖШС басшысы Қанат Жанабайұлы Бекеновке екiншi орынды иеленгенi үшiн диплом мен күмiс кубок табыс етiлдi.

Конкурс жеңiмпаздарын iрiктеу өлшемшарттарының бiрi — кәсiпорындардың өз қызметкерлерiмен лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету тетiктерi болып табылатын ұжымдық шарт жасасу. Оның мазмұны мамандардың еңбекақысына, еңбектi қорғауына, экологиялық қауiпсiздiгiне, кәсiби даярлығына қатысты.

«Стан» ЖШС өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерiн өсiрiп, сатуымен айналысады, ауыл мен ауданды, ауыл мектебiн абаттандыруға қаражат бөледi, аз қамтамасыз етiлгендер мен көп балалы отбасыларына, зейнеткерлерге және мүгедектерге көмек көрсетедi.

Қазақстан Республикасының Президентi, облыс және аудан әкiмi, ауыл шаруашылық басқармасының басшысы, облыстық «Қызылжар» мешiтiнiң имамы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан үлесi үшiн оның еңбегiн атап өттi.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi барлық номинаттарға қатысқаны үшiн дипломдар табыстады.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамтуды үйлестiру
және әлеуметтiк бағдарламалар
басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 11.05.2018 15:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.12.2018 19:07

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы

Подать резюме

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

A- A A+