Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жаңғырту порталының әлеуметтік қызметі

Мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қызметтер порталы (ZIP 833 Kb)

Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу бойынша сұрақтар тізбесі

1-сұрақ. Ауылдық елді мекендерде Интернетке және ұялы телефондарға қолжетімділігі жоқ мүгедектігі бар адамдар порталды қалай пайдалана алады? Және ОТҚ іріктеу кезінде кім көмек көрсетеді?

Жауап: Жергілікті атқарушы органдар Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу шеңберінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құратын болады, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің мамандары ЭЦҚ алу және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін таңдау құқығын іске асыру кезінде көмек көрсететін болады.

2-сұрақ. Өнім берушілер сапасыз тауарды немесе қызметтерді ұсынған кезде кімге шағым қойылады?

Жауап: Тауардың немесе қызметтің сапасына өнім берушінің өзі тікелей жауапты болады. ЖАО деңгейінде даулы мәселелер туындаған жағдайда осы мәселелерді шешу жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.

3-сұрақ. Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді анықтау бойынша өлшемшарттар белгіленеді ме?

Жауап: Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мен олардың филиалдары әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жеткізушілер бола алады.

Порталда мынадай:

  1. салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
  2. банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
  3. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
  4. міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;
  5. медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;
  6. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу үшін баға ұсынған өнім берушілер тіркеле алады.

Осы талаптар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

4-сұрақ. Қазақстанда тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы санаторий жоқ. Портал аясында шетелде санаторий-курорттық емделу қызметін сатып алуға бола ма?

Жауап: Портал шеңберінде оңалту құралдары мен қызметтері тек Қазақстан аумағында көрсетілетін болады, шетелде қызметтер алу мүмкін емес.

Шипажайды Әлеуметтік қызметтер порталындағы санаторий-курорттық қызметтерді жеткізушілер тізіміне енгізу кезінде негізгі өлшемшарт қол жетімділік болады.

6-сұрақ. Оңалтудың жеке бағдарламасында жазылған, бірақ қазіргі уақытта қажет емес оңалту құралдарының кейбір түрлерінен бас тарту қарастырылған ба?

Жауап: Иә, бұл функция көзделген, қызмет алушының қалауы бойынша ОЖБ әрекет ету мерзімі ішінде хабарласа алады

7-сұрақ. Порталда кресло-арбаларды пайдалану мерзімі бұрынғыдай 4 және 7 жыл болып қалады ма?

Жауап: Иә, Порталда кресло-арбаларды пайдалану мерзімі бұрынғыдай қалады. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу кезінде кресло-арбаларды пайдалану мерзімін қайта қарау мәселесі қаралатын болады. Алайда, бұл мұқият зерттеуді және Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысын талап етеді.

8-сұрақ. Кресло-арбаларды таңдау үшін медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді кім жазады?

Жауап: Мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасында айғақтар мен қарсы көрсеткіштер жазылады.

9-сұрақ. Техникалық оңалту құралдарының тізбесі кеңейтіледі ме?

Жауап: Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдармен келісуді және мұқият зерттеуді талап етеді. Нақты қажеттілік пысықталғаннан кейін құжаттар пакеті Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін Қаржы министрлігіне жіберілетін болады.

10-сұрақ. Басқа аймақта тауарды немесе қызметті таңдауға бола ма?

Жауап: Аумақтылық қағидаты медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер алу кезінде қолданылатын болады, өйткені ақшалай қаражат жергілікті бюджетте тұр.

11-сұрақ. «Инватакси» қызметін көрсету бойынша әлеуметтік қызметке бизнес-процесс іске қосылады ма?

Жауап: «Инватакси» қызметін көрсету жеке оңалту бағдарламасында жазылмаған. Сондай-ақ осы қызметті төлеу тетігі белгіленбеген.

12-сұрақ. Егер мүгедектігі бар адамға тауар сәйкес келмесе, тауарды қайтару тетігі қарастырылған ба?

Жауап: Оферт шартында мүгедек, тауар жеткізуді жүзеге асыратын жеткізуші және ұйым арасындағы шарттық қарым-қатынастар көрсетіледі.

13-сұрақ. Техникалық құралдар мен оңалту қызметтері үшін ақы төлеу тетігі қалай жүзеге асырылады?

Жауап: Министрлік Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) оңалту құралдарын және арнайы жүріп-тұру құралдарын және оңалту қызметін көрсетуді өтеу қағидаларын әзірлеуде.

Қазақстан мүгедектері оңалту құралдары мен арнайы қызметтерге тапсырыс бере алады

Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі — ОТҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз бетінше тапсырыс бере алады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторий-курорттық емделу жатады.

Бүгінгі күні ТОҚ және жоғарыда аталған қызметтер Мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аумағында Әлеуметтік қызмет порталы іске қосылады.

Бүгінгі күні техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін алуға мүгедектік белгіленген күнінен бастап 8 айға дейінгі уақыт кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтығына байланысты болып отыр. Қызмет алушылар тендер жүйесі оларға мүлдем сәйкес келмейтіндігін айтады. Жыл сайын олар қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың бұйымдардың сапасының нашарлауына жиі шағымданады. Порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашық еместігі факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оңалту қызметтері мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу проблемаларын шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады.

Порталды енгізу нәтижесінде техникалық оңалту құралдарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын оларды проактивті формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Мүгедектігі бар адамдардың өтініштеріне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу механизмі көзделген. Ол порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлемдерді іске асыру функциясы қолжетімді болады деген сөз.

Бұдан басқа, сертификатталған мамандардың кең ауқымы қолжетімді болып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі — МӘМ) барлық МӘМ-нің жабдықталуы және жұмыс жүктемесі ескерілетін болады.

Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, портал пилоттық режимде іске қосылып, Ақтөбе қаласында сәтті жүзеге асырылуда. Оған бірнеше медициналық-әлеуметтік мекеме қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар аясында көзделген. Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың жеткізушіні қамтиды.

Бүгінгі күні «Мобильді азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоймасы», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу жөнінде ақпарат

Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-портал) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:

  1. арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  2. техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
  3. ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;
  4. жеке көмекшінің қызметін көрсету;
  5. санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.

Мемлекет тарапынан техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің құнын өтеу тетігі көзделеді. Портал қосымша тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша ақы төлеу мүмкіндігін қарастырады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 бизнес-үдерістің 2-ін порталға ауыстыру жоспарлануда: бұл арнайы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімделуді талап етпейтін ІҚЖ түрлерінің жартысынан астамын, оның ішінде республикалық бюджеттен толық қаржыландырылатын 24 түрін қамтамасыз ету.

Жеке іріктеуді талап ететін ОТҚ-ның қалған түрлері 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында пысықталатын болады.

Сондай-ақ, 2020 жылдың көктемінде портал қалған 3 бизнес-процесс (санаторлық-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері) бойынша қызмет алу мүмкіндігін қарастырады

2020 жылы үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында оңалту тауарлары мен қызметтері портал және Мемлекеттік сатып алу арқылы - баламалы негізде көрсетілетін болады. Порталға толық өту-2021 жылдан бастап.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар және олардың филиалдары порталда тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жеткізушілер бола алады.

Порталда мынадай:

  1. салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
  2. банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
  3. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
  4. міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;
  5. медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;
  6. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу үшін баға ұсынған өнім берушілер тіркеле алады.

Өнім беруші мына жағдайдарда порталдағы тіркеуден алынады:

  1. тіркеуден шығару туралы өтініш беру;
  2. Өнім берушінің қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болған;;
  3. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу;
  4. әлеуметтік қызметтер көрсету порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.

Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

Порталды енгізу ұсынылатын ОТҚ мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, ОТҚ мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін көрсетілетін қызметті алушылар мен жеткізушілерге арналған порталды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар әзірленеді, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері үшін оқыту тренингтері өткізіледі.

Порталдың әкімшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады, сүймелдеуді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жүзеге асырады.

2019 жылдың 1 қарашасынан бастап портал пайдаланушылары үшін 1411 нөмірі бойынша call-center жұмыс істейді.

Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне портал жұмысының барлық мәселелері бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласу қажет:

Тоғызбай Серік Сейдеханұлы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры 95-43-17
95-43-18
95-43-19
ішкі 460
Елубаев Әлишер Жеңісұлы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша АЖ дамыту және сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары 95-43-17
95-43-18
95-43-19
ішкі 470

Мақаланың шыққан күні: 31.10.2019 19:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.11.2019 12:22

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы

Подать резюме

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

A- A A+