Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттері

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (ZIP 464 Kb)

Әлеуметтiк-еңбек саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерiн бекiту туралы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 мамырдағы № 149 қаулысы. Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 14 маусымда № 4763 болып тiркелдi

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 16-бабы 3-тармағына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналар бекiтiлсiн:

  1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдамалар беру» (DOC 387 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  2. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» (DOC 403 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  3. осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» (DOC 501 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  4. осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» (DOC 531 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  5. осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (DOC 409 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  6. осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру» (DOC 622 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  7. осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес «Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру» (DOC 610 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  8. осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» (DOC 334 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  9. осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» (DOC 413 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  10. осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес «Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу» (DOC 402 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  11. осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» (DOC 398 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  12. осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» (DOC 410 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  13. осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес «Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» (DOC 417 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  14. осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес «Үйде күтiм көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» (DOC 392 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  15. осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес «Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында немесе корпоративiшiлiк ауыстыру шеңберiнде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және ұзарту» (DOC 777 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  16. осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес «Оралман мәртебесiн беру» (DOC 247 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  17. осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес «Ақталған адамға куәлiк беру» (DOC 201 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  18. осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес «Жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу» (DOC 405 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;
  19. осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес «Жұмыссыз ретiнде жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу» (DOC 215 Kb) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi.

2. Осы қаулыға 20-қосымшаға (DOC 34 Kb) сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте қамтамасыз етсiн:

  1. осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;
  2. осы әкiмдiк қаулысын мемлекеттiк тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мемлекеттiк және орыс тiлiндегi қағаз және электрондық түрдегi көшiрмесiн «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалы — Солтүстiк Қазақстан облыстық аймақтық құқықтық орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн жолдауды;
  3. осы қаулыны ресми жариялағаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелер жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмi Қ. Ақсақалов

Мақаланың шыққан күні: 05.05.2018 10:10

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2018 15:47

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы

Подать резюме

Наурыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

A- A A+