Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрылым

Мекен-жай: Петропавл қ., Абай көшесі 64;
Телефон: +7 7152 46-56-48;
Факс: +7 7152 46-90-73;
Сенім телефоны: +7 7152 46-44-42;
Web-сайт: ukzsp.sko.gov.kz 
E-mail: zsp@sko.kz

Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының құрылымы

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы (46-56-48)

Басшының орынбасары
Елжасов Ринат Сергейұлы (46-97-61)

Басшының орынбасары
Мәулетбаева Гүлмира Серікқызы (46-97-61)

Басшының орынбасары
Сыздықов Азамат Болатұлы (46-17-96)

Мемлекеттiк қызмет көрсету, оралмандармен және iшкi көшiп-қонушылармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi бөлiм
Бөлiм басшысы — Махметова Алма Тiлегенқызы (46-37-43)

Халықты жұмыспен қамту бөлiмi
Бөлiм басшысы — Шаймерденова Гүлнар Аманжолқызы (46-22-05)

Мүгедектердi оңалту бөлiмi
Бөлiм басшысы — Куликов Николай Геннадьевич (46-29-01)

Әлеуметтiк мекемелердiң қызметiн үйлестiру бөлiмi
Бөлiм басшысы — Баймұқанова Сәуле Әшенқызы (46-46-97)

Әлеуметтiк нормативтер және әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмi
Бөлiм басшысы — Маркова Марина Андреевна (46-73-51)

Ақпараттық-талдау бөлiмi
Бөлiм басшысы — Рудаков Алексей Александрович (46-73-39)

Бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмi
Бөлiм басшысы — Береская Татьяна Викторовна (46-71-43)

Заңгерлiк жұмысы бөлiмi
Бөлiм басшысы — бос орын (46-44-42)

Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк
Бөлiм басшысы — Бондаренко Оксана Петровна (36-43-52)

Мемлекеттiк сатып алу бөлiмi
Төлегенов Жаслан Қуанышұлы (46-72-39)

Персоналды басқару қызметi
Басшысы — Латанова Саягүл Қайдаұлқызы (36-47-62)

Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

Басқарманың миссиясы:

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес берiлген тапсырмаларын, атап айтқанда халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлжуаз топтарына әлеуметтiк қолдау көрсетудi көздейтiн әлеуметтiк бағдарламаларды орындау, Халықтың көшi-қоны саласында өзiнiң құзыретi шегiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру.

Басқарманың мiндеттерi:

  • Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында жұмыспен қамтуды үйлестiру , әлеуметтiк бағдарламалар. Және халықтың көшi-қоны саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өңiрдiң басқа ұйымдарының аталған саладағы жұмысын үйлестiру.
  • жұмыспен қамту органдары арқылы жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету;
  • жұмыссыздық деңгейiн төмендету;
  • еңбек ресурстарының санын арттыру;
  • жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу (Жұмыспен қамту жол картасы 2020);
  • өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету;
  • мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында ҮЕҰ әлеуметтiк қызмет көрсетуге тарту;
  • мүгедектердi әлеуметтiк қолдаудың атаулылығын күшейту;
  • мүгедектерге көрсетiлетiн протездiк ортопедиялық көмектiң, техникалық көмекшi (орын толтырушы) құралдардың және санаторий-курорттық емделудiң атаулылығынын қамтамасыз ету;
  • аз қамтамасыз етiлген азаматтарға көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң атаулылығы мен тиiмдiлiгiн арттыру;
  • бiлiктiлiгi мен кәсiби деңгейiн ұдайы арттыру;
  • кәсiби даярлығын, құқытық мәдениетiн және азаматтармен жұмыс iстей бiлу қабiлетiн анықтау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық жасауды болдырмау;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
  • бюджет қаржатын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету, iшкi бақылау және аудит жүйесiн нығайту.

Басқарманың функциялары:

1) Халықты жұмыспен қамту саласында:

  • еңбек нарығына мониторинг;
  • кадрлар даярлаудағы және оларды жұмысқа орналастырудағы қажеттiлiктi мүдделi органдармен бiрлесiп айқындау;
  • уәкiлеттi органдармен әдiстемелiк және ұйымдастырушылық басқару;
  • халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа бағыттарымен үйлестiру;
  • халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру және реттеу;
  • жұмыс берушiлердiң, қызметкерлердiң және қоғамдық ұйымдар өкiлдерiнiң жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысуын қамтамасыз ету;
  • әлеуметтiк-экономикалық даму және бюджеттiк параметрлер болжамының әлеуметтiк-еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды үйлестiру саласындағы жобасын әзiрлеу және келiсу;
  • жұмыспен қамтудың еңбек делдалдығымен айналысатын жеке агенттiктерiмен, жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың республикалық және өңiрлiк бағдарламаларын жүзеге асыру мәселерi жөнiндегi жұмыс берушiлерiмен өзара iс-әрекет жасау;
  • өңiрдегi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге, жұмыспен қамту қызметiне арызданған кәсiби құрам мен жұмыссыздардың бос жұмыс орындарына сәйкестiгiне талдау жүргiзу, айырмашылық себептерiн айқындау және еңбек нарығын реттеу жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау;
  • тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында тұратын халықтың нысаналы тобын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiнде шараларды қамтамасыз ету;
  • қоғамдық ақылы жұмыстарды, әлеуметтiк жұмыс орындарын, жастар практикасын, квоталанған жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi қолданыстағы заңнамаға сәйкес үйлестiру;
  • еңбек нарығының қажеттiлiгiн және оның даму перспективаларын, инвестициялық саясатты, жергiлiктi бюджет мүмкiндiктерiн ескере отырып бiлiм жүйесiн кадрлар даярлауға бағдарлау;
  • азаматтарды жұмысқа орналастыру кезеңiн қысқартуға бағытталған жұмыстың озық жаңа нысандары мен әдiстерiн енгiзу, жұмыссыздар мен жұмыс берушiлерге қызмет көрсетуге арналған iс-шаралардың сапасын арттыру және тiзбесiн кеңейту;
  • бағдарламалар мен көрсетiлетiн қызметтерге ұсыныстар әзiрлеу, жұмыс iздеп жүрген азаматтармен және жұмыссыздармен байланысты әрекет жасауды жақсарту жөнiнде автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi енгiзу;
  • жұмыссыздарды кәсiби оқыту жөнiндегi жұмысты үйлестiру;
  • еңбек нарығының бiрегей ақпараттық дерекқорын енгiзу үшiн жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау, халықты және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн еңбек рыногындағы жағдай жайлы ақпараттандыру;
  • халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметiн үйлестiру;
  • жұмыспен қамту жол картасының 2020 көрсеткiштерi бойынша монитринг жүргiзу;
  • • Жұмыспен қамту жол картасын 2020 iске асыру жөнiндегi мәлiметтер мен статистикалық деректердi шұғыл есепке алуды ұйымдастыру, қорыту және талдау жасау;

2) Әлеуметтiк әрiптестiк саласында:

  • облыс әкiмi, облыстық қызметкерлер бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлер арасындағы Үш жақты келiсiмдi, әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi комиссия жұмысының жоспарын, Үш жақты келiсiмдi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, келiсу;
  • облыстық үш жақты Келiсiмдi орындау туралы ақпараттық материалдарды дайындау.

3) Еңбекақы төлеудi нормалау саласында:

  • қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) бағаларды (тарифтердi, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың еңбекақы төлеу жүйесi параметрлерiн заңнамада белгiлеген тәртiппен қарау және келiсу, еңбекақы төлеу жөнiндегi материалдарды тексеру және сараптау;
  • табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау органдарымен өзара iс-әрекет жасау;
  • меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдармен еңбектi нормалау және еңбек төлемi мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелiк жұмыс жүргiзу және оларға консультативтiк көмек көрсету.

4) Әлеуметтiк нормативтер мен әлеуметтiк көмек саласында:

  • аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақыларды, тұрғын үй көмегiн, үйде тәрбиеленiп, оқитын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмектi, аз қамтамасыз етiлген отбасылардағы студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету;
  • мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақыларды, үйде тәрбиеленiп, оқитын мүгедек балаларға әлеуметтiк көмектi, аз қамтамасыз етiлген отбасылардағы студенттерге әлеуметтiк қолдау, төртiншi (және одан кейiнгi) бала тууына байланысты көпбалалы отбасыларға әлеуметтiк көмек төлеуге көзделген бюджеттiк қаражататың нысаналы бағытталуына мониторингтi жүзеге асыру;
  • Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы өтемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
  • мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк, балалар жәрдемақысы және тұрғын үй көмегi мәселелерi жөнiндегi облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу және келiсу.

5) Мүгедектермен жұмыс жүргiзу және әлеуметтiк мекемелер қызметiн үйлестiру саласында:

  • мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен, протездiк-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло-техникалық құралдармен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерге жеке көмекшi және ымдау тiлi маманының қызметiн көрсету, сондай-ақ мүгедектер мен ардагерлердi санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiру;
  • облыстың мүгедектерi мен ардагерлерiне протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге жолдама беру;
  • мүгедектердiң дерекқорын қалыптастыру;
  • соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек еткендерге азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолына жеңiлдiктер жөнiнде қосымша шаралар белгiлеудi жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
  • мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетiлуiн үйлестiру;
  • мүгедектердiң қоғамдық ұйымдарымен өзара iс-әрекет жасау;
  • денсаулық сақтау, бiлiм беру органдарымен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және мүгедектердi шектеулi балаларды медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау мәселелерi бойынша өзара iс-әрекет жасау;
  • медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң қызметiн үйлестiру;
  • мүгедек балаларға, жалғыз басты азаматтар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
  • тұрғындардың арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлктiерiне талдау жүргiзудi қамтамасыз ету;
  • мүгедектердiң Мүгедектердi сауықтыру орталығында оңалту курсын өтуiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру;
  • мемлекеттiк және медициналық емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерге әлеуметтiк қызмет көрсетуге жолдамалар беру;
  • мынадай автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен: мүгедектердi жеке оңалту бағдарламаларын iске асыру мәселесi жөнiндегi МОДҚ, әлеуметтiк әлжуаз санаттарына жататын азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету мәселесi бойынша «Е-собес» жүйелерiмен жұмыс жүргiзудi ұйымдастыру;
  • арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн субъектiлердi кадрмен қамтамасыз етудi, әлеуметтiк қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
  • жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асыру.

6) Халықтың көшi-қоны саласында:

  • халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты өз құзыретi шегiнде iске асырады;
  • халықтың көшi-қоны мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органға оралмандардың көшiп келу квоталарын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi;
  • халықтың көшi-қоны мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тарту квоталарын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi;
  • оралмандар мен еңбекшi көшiп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
  • этностық қазақстардан оралман мәртебесiн алуға, оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзуге қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;
  • оралман мәртебесiн беру жөнiндегi, оралмандардың көшiп-келу квтотасына енгiзу және оралмандардың көшiп-келу квтотасына енгiзiлген оралмандарға бiржолғы жәрдемақылар, тұрғын үй сатып алуға қаражат төлемiн тағайындау туралы шешiм қабыладйды;
  • оралман куәлiгiн бередi;
  • уақытша орналастыру орталығының қызметiн ұйымдастырады;
  • шетелдiк жұмыс күшiн өңiр аумағына тартудың орындылығы туралы қорытындылар дайындау;
  • орталық атқарушы органмен бөлiнген квотаның шеңберiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күштерiн тарту үшiн рұқсат беру, сондай-ақ, аталған рұқсатты тоқтату және керi қайтарып алу;
  • шетелдiк жұмыс күшiн тартатын кәсiпорындар қызметiн бақылауды iске асыратын органдармен қолданылып жүрген заңнаманның орындалуы және жұмыс берушiлердiң жұмыс орындарын ашу, жұмысқа тартылған шетелдiк мамандарды бiртiндеп ауыстыру үшiн қазақстандық азаматтарды кәсiби оқыту жөнiндегi шарттарды орындау мәселелерi жөнiнде өзара iс-әрекет жасау;
  • тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде облыс аумағында жұмысқа орналасуға рұқсат бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсатты тоқтата тұрады және қайтарып алады;
  • бизнес-көшiп келушiлердiң уақытша тұруға арналған рұқсатының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға қолдаухат бередi.

7) Азаматтардың ұсыныстарын, арызын және шағымдарын қарау, олар бойынша қажеттi шаралар қолдану, Басқарма құзыретiне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды, мекемелердi және ұйымдарды қабылдау, кеңес беру.

8) Азаматтармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентi пен Үкiметi заңдарын, актiлерiн, Басқарма қызметi саласына қатысты орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауға жәрдем көрсету.

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2018 12:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.05.2020 17:47

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы

Подать резюме

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

A- A A+