Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Басшылық

Алмаз Темiрболатұлы ҚошмановАлмаз Темiрболатұлы Қошманов

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшы

Алмаз Темiрболатұлы Қошманов 1982 жылғы 18 мамырда Қарағанды облысы Ағадiр ауданының Мойынты станциясында дүниеге келген.

2004 жылы экономика бiлiктiлiгiн алып, М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн тамамдаған.

Мемлекеттiк қызметте тәжiрибесi мол. 2005 жылғы мамырдан бастап Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппаратында және Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық бөлiмiнде бас маман болып жұмыс iстедi.

2007 жылғы қазаннан 2012 жылғы мамырға дейiн Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық бөлiмiнiң талдау, субсидиялау және қаржы бөлiмiн, Қызылжар аудандық кәсiпкерлiк бөлiмiн және Қызылжар аудандық қаржы бөлiмiн басқарды.

2012 жылғы қазаннан 2013 жылғы қарашаға дейiн Қызылжар аудандық экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң басшысы және басшының орынбасары болып қызмет атқарды.

2013 жылғы 13 қарашадан Солтүстiк Қазақстан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысы орынбасарының уақытша мiндетiн атқарушы болып тағайындалды.

2014 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың шiлде айы аралығында — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары.

2019 жылдың 26 шiлдесiнен бастап — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Елжасов Ринат СергейұлыЕлжасов Ринат Сергейұлы

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшының орынбасары

Елжасов Ринат Сергейұлы 1980 жылы 7 қыркүйек күнi Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданының Ильинка селосында туған.

1999 жылдан 2002 жылдар аралығында Көкшетау университетiнде «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бiлiм алды.

2003 жылғы ақпан айында «Солтүстiк Қазақстан облысы статистика басқармасы» ММ жетекшi маманы лауазымына мемлекеттiк қызметке түстi.

2003 жылғы тамыздан 2005 жылғы қараша айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ еңбек және әлеуметтiк әрiптестiк бөлiмiнiң бас маманы, бастығы лауазымдарында еңбек еттi.

2005 жылғы желтоқсанда «Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысы бөлiмiнiң бас маманы лауазымына ауысу тәртiбiнде тағайындалды.

2006 жылғы мамырдан 2008 жылғы наурыз айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының iшкi саясат бөлiмi» ММ басқарды.

2008 жылғы сәуiрден 2011 жылғы маусым айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысының құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы лауазымында жұмыс iстедi.

2011 жылғы шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымына қабылданды.

2012 жылғы ақпаннан бастап 2012 жылғы мамыр айы аралығында «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ қаржылық-шаруашылық бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс iстедi.

2012 жылғы маусымда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» ММ облыс әкiмiнiң бас инспекторы болып ауыстырылды.

2013 жылғы қаңтардан 2014 наурыз айы аралығында — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң меңгерушiсi.

2014 жылғы 1 сәуiрден бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Гүлмира Серiкқызы Мәулетбаева

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

Гүлмира Серiкқызы Мәулетбаева, 1977 жылдың 17 сәуiрiнде Солтүстiк Қазақстан облысының Ленин ауданы Николаевка селосында туған.

2000 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей ашық бiлiм университетiн бiтiрдi.

Мемлекеттiк қызметiн 1998 жылдың сәуiрiнен Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының ауылшаруашылық бөлiмiнде жетекшi маман лауазымынан бастады.

2002 жылдың қаңтарынан 2004 жылдың сәуiрi — Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прокуратурасының маманы.

2004 жылдың сәуiрiнен 2005 жылдың наурызы Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша қаржылық-кадр бөлiмiнiң жетекшi маманы, Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ақпараттық қамтамасыз ету — секретарь-референтi.

2005 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамыры — Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Әкiмi аппаратының бас маманы лауазымында жұмыс iстедi.

2012 жылдың тамызынан 2017 жылдың сәуiрi — Солтүстiк Қазақстан облысы Әкiмi аппаратының әлеуметтiк даму бөлiмiнiң меңгерушiсi.

2017 жылдың 3-шi мамырынан бастап Гүлмира Серiкқызы Мәулетбаева, басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Азамат Болатұлы Сыздықов

Азамат Болатұлы Сыздықов1985 жылғы 3 тамызда Петропавл қаласында туған.

Бiлiмi — жоғары, 2007 жылы қаржы мамандығы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiн тамамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасында қылмыстық-атқару жүйесiнiң инспектор маманы ретiнде бастаған.

2010 жылдан бастап 2016 жылғы маусым айына дейiн Қаржы бюасқармасында бас маман, бiлiм, мәдениет, спорт, әлеуметтiк сала мекемелерiн қаржыландыру бөлiмiнiң басшысы, кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Қаржы басқармасында бiлiм бөлiмiнiң басшысы болып қызмет атқарған.

2016 жылдан бастап 2020 жылғы сәуiр айына дейiн СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс iстеген.

2020 жылғы 24 сәуiрден бастап Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының мемлекеттiк сатып алу, мүгедектердi оңалту және бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмдерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары болып тағайындалды.

Мұрағат ЖКС

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2018 14:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2020 20:43

Басқарма басшысы
Қошманов Алмаз Темiрболатұлы

Подать резюме

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы

A- A A+